Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспары:«Менің әкем инженер» модулі (10 сынып)
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Зейнолдина Гульмира Нуршаиковна
|
Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспары
Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспары –тақырыпты меңгертуде сабақтың әр кезеңіндемақсат, міндетті айқындауға, белсенді оқыту кезіндегі жұмыс түрлерін,оқытудың күтілетіннәтижелерін, білім беру үшін бағалау мен оқуды бағалауды, дарынды және қабілетті балалармен жұмыс түрлерін жоспарлау үшін қажет.
Түйінді идеясы: тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарында бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, «Менің әкем инженер» модулі бойынша оқушылардың функционалды сауаттылығын, тыңдалым (әдеби тілде айтылған сөздердің мазмұнын, бейнебаянда көрсетілген оқиғалардың не туралы айтылғаны, ұсынылған лексикалық тақырыптар бойынша шағын хабарлама, жарнаманы түсінуі), оқылым (ұсынылған материалдарды танымдық оқылым деңгейінде меңгеруі), айтылым (лексикалық тақырыптағы отбасылық дәстүр, оқиғалар туралы баяндап, өз пікірін қарапайым түрде дәлелдеп айтуы, осыған қатысты жай сөйлемдер арқылы шағын мәтіндер құрастыра алуы), жазылым (лексикалық тақырып ауқымында сипаттау, суреттеу мәтіндерін құрауы, тақырыптар бойынша қарапайым түрде байланыстырылған мәтіндер, кластер, постерлер құрастыруы), тілдесім (ақпарат алмасуы, ой бөлісуі, пікірлесуі, лексикалық тақырыптар аясында құптау/қарсылық білдіру сипатында модальдік тілдесімге түсуі, тосын немесе қызықты жағдаяттарда диалогтік, полилогтік сипаттағы әлеуметтік тілдесімге түсуі) әрекеттерінің нәтижеге жетуін қадағалау.
Жоспарлаудың негізгі коллоборативті орта қалыптастыру, әлеуметтік-сындарлық тұрғыдан білім беру, «Білім алуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану екенін ескеру, сыни ойлау дағдыларын жетілдіру, көшбасшылық қасиеттерін айқындау, оқуды бағалау және оқу үшін бағалау болып саналады.
Жоспарлаудың міндеттері: оқушылар мен мұғалімнің білім мазмұнын бірлесіп талдауы, оқушылардың ойлау, жүйелеу, талдау, болжам жасау, қорытындылау, бағалау әрекеттерін жетілдіру; оқушыларға жұптасып, топта бірігіп жұмыс істете отырып, коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.
Нәтиже: қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынас нормаларын игерту.
Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың проблеманы шешу құзіреттілігі, ақпараттық құзіреттілігі және коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту мақсатында әртүрлі стратегиялардың тиімді қолданылуына ерекше мән беремін.
Орта мерзімді жоспар төмендегі нормативтік құқықтық құжаттарға негізделіп жасалған:
Ø Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚР МЖМБС 1.4.002-2012)»;
Ø «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығы;
Ø 2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014. ( №5 хаттама 26.06.2014 ж.);
ØҚалалық білім беру басқармасының пәндер бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарға ұсыныстары;
Ø Ж.Адамбаева, Ф.Оразбаева, А.Рауандина, К.Оңалбаева. «Қазақ тілі» оқулығы, 10 сынып. – Алматы: «Мектеп», 2014 ж.;
Ø Мұғалімдерге арналған нұсқаулық www.cpm.kz.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 98.5 Kb |
Количество скачиваний: | 32 |