Учебно-методическое пособие по подготовке к ЕНТ. Тема: "ҰБТ-ге дайындық"

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Мазмұны:

«Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға»

Абай

«Мектептің жаны – мұғалім.

Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы

Яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға

үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы ....»

А.Байтұрсынұлы

Алғы сөз.

Қазіргі заманда мемлекеттік тілді білу - өмір талабы.

Бүгінгі таңда әдеби тіл мен қазақ тілінің грамматикалық құрылымын кешенді түрде терең меңгерту арқылы сауатты да мәдениетті, туған елін, тілін сүйетін рухани дүниесі бай жеткіншек тәрбиелеу көзделінуде. Сондықтан қазақ тілінен 11 сынып оқушыларын ҰБТ-ге дайындағанда мен көп мәселелерге назар аудардым. 2007-2008 жылы бірінші рет бүкіл Қазақстанда ҰБТ қазақ тілінен тапсырды, сол жылдан бастап менің алдымда көп сұрақтар кездесті: «Қалай дайындау?» , «Неден бастау?» . Осы мәселелерді шешу үшін көп ойға келдім. Біріншіден, оқушылардың білім деңгейін анықтау. Екіншіден, өткен грамматика тақырыптарды қайталау, фонетикадан бастап, лексикаға дейін. Сонда ең бірінші көмекшім – Қанат Ибрагимов, Баян Базарғалиева «Қазақ тілі» (ШЫҢ, АЛМАТЫ,2006) жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест құралы өте көп жәрдемдесті. Осы оқулықтың негізінде орыс мектебінде оқитын балаларға түсінікті болу үшін мен тірек схема, сызбалар жасап, орыс тіліне аударып, тест сұрақтарымен жұмыс істей отырып жиі кездесетін сұрақтарын жазып, жинап, тест тапсырмалары бойынша сөздік құрап оқушыларыма ұсынып отырдым.

Бүгін бүкіл жинақтаған материал негізімде осы кітапшаны мұғалімдерге, мектеп түлектеріне ұсынып отырмын.

Автордан

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 8.63 Mb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 130

Похожие материалы