Урок казахского языка "Ауа, Су, Күн – адамның досы."
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Туребаева Каламкас Нагашбаевна
|
Тақырыбы: Ауа, Су, Күн – адамның досы.
Мақсаты:
1. Мәтіндегі негізгі ойды түсіне отырып, оның мазмұнын жүйелі әңгімеулеуге үйрету, оқу дағдыларын жетілдіру.
2. Сөздік қорын, білім құмырлығын, ойлау қабілеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту.
3. Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамдыққа, адамгершілікке баулу, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, топтық әдіс, жеке көрнекілік әдістері.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Көрнекіліктері: Сюжетті суреттер, нақыл сөздер, оқулық, жұмбақ, ертегіге байланысты суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйым кезеңі
ІІ. Психологиялық дайындық.
1. 12 сәуір – Ғарышкерлер күні.
Мұғалім:
-Ертедегі адамдар балықша суда жүзіп, құсша қанат қағып арман етті. Осы армандары шындыққа айналды. Балыққа қарап-сүңгуір, қайықтар, ал құсқа қарап-ұшақ, тікұшақ, зымырандар жасады.
- Ұшқыш-ғарышкерлер ғарышқа сапар шекті. Жер әлемін зерттеді.
- Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер кім? Т.Әубәкіров, Т.Мусабаев.
- Тоқтар бала кезінде мектепке жақсы оқып, әдепті оқушы болып, келешекте ғарышкер болғысы келгенің армандаған. Енді осы арманына жетті ме?
- Сендерде келешекте кім болуды армандайсыңдар?
- Ұшқыш болу үшін қандай болу керек?
2. «Ғарышкер болғым келеді» өлеңді оқушы мәнерлеп, жатқа айтып шығады.
3. Мұғалім: Қазір бізді Т.Әубәкіров өзі алғашқы ұшқан Зымыранға отырғызып, жерді, әлемді көрсетуге алып кетеді. Ол үшін бізге көптеген тапсырмаларды орындап, сабаққа жақсы қатысып, әдепті, тәртіпті болуға тырысамыз.
ІІ. Тапсырма. Үй жұмысын тексеру. Ертегі «Кім күшті?»
а) Көрініс.
ә) Сұрақ-жауап: -Ең мықтысы кім болды?
Құмырсқа – еңбекқор, адал еңбегімен өмір сүретін жәндік.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Ауа, су, күн – адамның досы.
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Тренинг. «Ауа, су , күн»
Ауа – 2 қолды сыртқа қарай желпу.
Су – 2 қолды төмен желпу.
Күн – 2 қолды жоғары желпу.
Хормен: Ауа, су, күн – адамның досы.
2.Мұғалім:
- Өте жақсы балалар.
- Бүгін сабақта сынып үш топқа бөлінеді.
1 топ – Ауа
2 топ – Су
3 топ – Күн
2 тапсырма: Мұғалім:
- Ауа, су, күн туралы не білесіңдер? Ойланып көрейік.
Ауа, су, күн туралы оқушылар өз ойларын топтастырады.
3. - Не білгіміз келеді?
- Ауа, су, күн – тіршілік көзі.
Оларсыз өмір жоқ. Ұшқан құсқа да, өскен әсімдікке де, тірі жануарларға, адамға өте қажет.
Адам денесі де судан тұрады. Мысалы: салмағы 70 кг адам денесінде 50 кг су болады. Адам су ішпей 6-7 күн ғана шыдай алады екен. Жер шарында ең көп тараған сұйық зат – су. Оның көлемі құрылықтан 3 есе көп. Жер бетін 70% алып жатыр. Зерттеуші Кусто. Екі теңізді зерттегенде. Бірі ащы, бірі тұщы. Олар бір-бірімен араласпайды. Ол туралы ертеден «Құран» кітабында жазылған. Аспанға қарағанда жаңбырлы күні 1 бұлтта 300 мың тонна су бар.
- Неге сол бұлт жерге түсіп құламайды.
Күн – барлық тіршіліктің құдыретті тірегі. Ертеде адамзат күнді жаратқанның жаратушысы деп айтқан. Шын мәнінде мынау жарық дүниенің өзі күннің сәулесі мен жылуынан қуат алып тұр. Егерде күн жерге 100 км жақын тұрса жер бетіндегі, тағы басқа заттар күйіп кетеді. Күн өзінің тұрған жерінен алыс тұрса, онда жер беті бәрі мұз болып қатып қалады еді. Жылу болмайды. Әлемдегі барлық тіршілік күннің күшімен өркендетіп тұр. Ауа болмаса күннің сәулесі жер бетіндегі бәрін күйдіріп жібереді еді. Ауа күннің сәулесін жан-жаққа таратып, күйдіргізбей тұр. Тыныс алу тоқтаса, өмірде тоқтайды. Ауа сырттағы суықты ішке, іштегі жылуды сыртқа өткізбейді. Мысалы, жануарлардың жүнінде, құстың мамығында бар.
ІІІ. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу.
Оқушыларға кезектесіп мәтінді оқыту.
ІV. Сұрақ-жауап:
- Бөлменің ауасы неліктен бұзылады?
- Таза ауада серуендегенде адамның көңіл күйі қандай болады?
- Мәтінде басқаша қалай айтуға деп ойлайсың?
V. Нақыл сөздер:
- Ауада қылышпен екпе.
- Күнге қарап түкіруге болмайды.
- Су ішетін құдыққа түкіруге болмайды.
VІ. Мақал-мәтелдер:
Су бар жерде ырыс бар.
Ауа тіршілік өмірі.
Күн тіршілік көзі.
Табиғат тынысы – жан ырысы.
VІІ. Эссе жазу.
Мұғалім: - Бұл өмірде ауа, су, күн болмаса не болады деп ойлайсыңдар?
Оқушылар өз пікірлерін дәптерге жазып, оқып шығады.
VІІІ.Қорытынды: Жадыраған күндейміз, күндейміз!
Жайнаған өскен, гүлдейміз, гүлдейміз!
Тұнық таза ауамыз, ауамыз!
Сумыз біз, тазамыз, тазамыз!
Ғарышқа ұшу.
Үйге тапсырма.
Бағалау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 52.5 Kb |
Количество скачиваний: | 26 |