Урок математики в 6 классе "Действия с рациональными числами"

Предмет: Математика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақ жоспары

Пәні: математика 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану, деңгейлік

тапсырмалар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың рационал сандарға амалдар қолдану жөніндегі білімдерін тиянақтау, толықтыру және бағалау.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: оқушыларды ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа, жауапкершілікке, еңбек ете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: жеке жұмыс, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа материалдар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру (оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың мақсатын айту)

Бүгінгі сабақтағы мақсатымыз – «қайталау- оқу анасы» деген қағидаға сүйене отырып, алған білімдерімізді есеп шығаруда пайдалана алу.

2. Үй жұмысын тексеру. (тақта арқылы) №572

1) 0,5 * |2х-5| = - 6,5 Жауабы : х = 4; х = 1.

2) | 9 – 4х| : 8 + 0,875 =1 Жауабы: х = 2; х = 2,5.

3) 6,8 : | 5х -24| + 2,3 = 4 Жауабы: х = 4; х = 5,3.

4) | 3х - 16| * 2,6 + 3,8 = 22 Жауабы: х = 3; х = 72/3

3. Қайталау сұрақтары

- Таңбалар ережесін жаз

4. Ауызша жаттығулар (есептеулердің жауабында, жақын арада елімізде өтетін елеулі оқиғалар жөнінде мәліметтер жасырулы)

1) – 168 : (-3) (Ертең қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын Солтүстік

Американың және Орталық Азияның 56 елін біріктіретін

әлемдегі аса ірі өңірлік құрылымның ЕҚЫҰ- ның

Саммит-і басталады.)

2) | -2010 | -11 ( Саммит жоғары деңгейдегі кездесу десек, бұл 11 рет өтіп

отырған бас қосу. 1999 жылы соңғы кездесу Ыстамбұлда

өткен.)

3) |-13-6| ( Тәуелсіздікке 19 жыл.)

4) х- (-5) =18; x^2 = ? ( 2011 жылдың 30 қаңтарында басталып Астана мен

Алматы қалаларында өтетін 7-ші Азия ойындарына

169 қазақстандық спортшы қатысады.)

5) -2 * (- 5,5) ( бұл додада спортшылар спорттық 11 түрінен бәсекеге

түспек)

5 Деңгейлік тапсырмалар

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 134.71 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 116

Похожие материалы