Урок на тема "Кісілік келбет"
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Кайнарбаева Дамегул Собаловна
|
Кісілік келбет
Мақсаты: оқушыларға қоғам және мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың өмірін таныстыра отырып, оның өмір жолының кейінгі ұрпаққа үлгі – өнеге екенін ұғындыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көркенікігі: суреттер слайд
Кіріспе: мұғалім сөзі
1 – жүргізуші: - Аса құрметті қауым! Көрнекті және ұлтымыздың ардақты азаматы, мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа арналған танымдық кешімізге қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші: - Бүгінгі танымдық кешіміздің жоспары:
1. Елу жыл ел ағасы
2. Дінмұхамед даналығы
3. Өнегелі өмір
4. Түйір тамшыларда – көл көсір құрмет!
1 – жүргізуші: - Үнді мемлекетінің негізін қалаушы Неру «Мейірім шуағы мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ. Сол халық – қазақ халқы. Елінің өткенін ұмытпай, келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен перзенті бар халықта бақытты. Сол перзент – Дінмұхамед Қонаев» деген екен.
2 – жүргізуші : - Иә, елу жыл ел тағдырына араласып, жауапты қызметті абыроймен атқарған Д. Ахметұлы өте парасатты, өз ұлтының адал ұлы, шынайы көшбасшысы бола білді.
1 – жүргізуші : - Ендігі кезекті елу жыл ел ағасының елге жасаған игі істеріне тоқталып өтсек. Сөз кезегі Гүлнұрға беріледі.
2 – жүргізуші : - Жұлдыз боп шындығында жарқырадың,
Елден ерек жасадың жарқын адым.
Халқым деп тынбай соққан ақ жүрегің,
Алдында ұрпағыңның аппақ арың.
1 – жүргізуші : - Д. Ахметұлыны коммунистік партия кезеңімен байланысты өткен өмірінде кім қалай қараса да, ол – шын мәнісінде еліміздің іргесін нықтап, еңсесін тіктеп, бүгінгідей қуатты мемлекетке айналдырып кеткен жан. Яғни, Д. Ахметұлының Қазақстанның өнеркәсіптік және шикізаттық базасын, ғылым – білімін, мәдениетін өркендетуге сіңірген еңбегі ұланғайыр.
2 – жүргізуші : - Сонымен қатар оның баға жетпес кісілік келбеті мен адами зор қасиетті де уақыт өткен сайын мейлінше тұлғалана түсуде.
1 – жүргізуші : - Ол туралы том – том кітап жазып, бүкіл ел – жұрт жабылып, күні – түні шежіре шертсе де сағынышты сырдың түгелмесі анық. Сондықтан ендігі әңгіме ел ағасының жекелеген қырлары туралы болмақ. Сөз кезегін оқушыларға берсек.
2 – жүргізуші : - Дінмұхамед Қонаев туралы « Естен кетпес есімдер» атты жинақ шыққан болатын. Сол кітап беттерінен белгілі қоғам қайраткерлерінің ол кісі жайлы айтқан ыстық лебіздерін келтіре кетсек.
1 – жүргізуші : - Қазақстанның халық әртісі Н.Нүсіпжанов өзінің естелігінде былай дейді « Сол кездегі өнер адамдарының көбі Димекең десе жанын беруге даяр еді. Талайы ол кісіге арнап ән де, күй де жазғысы келіп еді, бірақ Дінмұхамед аға ондайга қатал болатын. Нұрғиса Тілендиев ән арнамақ болғанда көмекшісіне «Нұрғиса ініге айт, ықыласына рахмет! Бірақ әнін маған емес, аялап отырған халқына, еліне арнасын» депті. Нұрғиса ағаның «Өз елім» әнінің шығу тарихы осындай екен.
2 – жүргізуші : - Әнші – композитор Ескендір Хасанғалиев өзінің бір сұхбатында «Димаш аға кез – келген әннің сөзін жазған ақынды да, әнін жазған композиторды да ұмытпайтын» деп еске алады.
1 – жүргізуші : - Енді назарларыңызға осындай ұлы тұлғаның артында қалған, бүгінде нақылға айналып кеткен аталы сөздерін ұсынамыз.
2 – жүргізуші : - Д. Ахметұлы «Музыка – адамзаттың әмбебап тілі» деген екен. Ол кісі Шәмші әндерін ерекше ұнатқан. Қазіргі әнұранымыз «Менің Қазақстаным» әнін 1974 жылы Үндістанда іссапарда жүргенде радиодан естиді. Сапардан оралған соң Шәмшіні іздестіріп, ілтипат білдіріп, жаңа пәтер бергізіп, әндерін кітап етіп шығаруға уәде береді. Ұлы сазгер «Менің әндерімнің ішінен «Бақыт құщағында», «Ақерке – Ақжайық», «Отырардағы той» әндерін сүйіп тыңдайтын» дейді.
1 – жүргізуші : - Қарсы алыңыздар, Мерейдің орындауында «Бақыт құшағында» әні.
2 – жүргізуші : - Дінмұхамед Қонаевтың атқарған қызметі туралы біздің президентіміз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Ғасырлар тарихында» кітабында өз бағасын берді. «Д. А. Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам» дейді елбасы Н. Назарбаев.
1 – жүргізуші : - Елу жыл ел ағасы болған Д. Қонаев тәрізді ірі тұлға жөнінде айтылар сөз де бір кештің аясында шектеліп қалмақ емес. Ол мәңгілік тақырып.
2 – жүргізуші : - 1994 жылы 24 ақпанда Қазақстан президенті Н. Назарбаевтын « Дінмұхамед Қонаевтың атын мәңгі есте қалдыру туралы» қаулысы шықты.
1 – жүргізуші : - Қазақтың көгіндегі жарық жұлдыз,
Тұлпарың күнде сенің таң асқандай,
Мөлдірсің, биіксің сен көк аспандай.
Сүйемін сен отырған кабинетті,
О дағы жақсы ойларға жол ашқандай.
Күледі ел, қуанады ел, құлпырады ел,
Қой қоздап, бие туып, шұрқұра бел!
Қазақтың үмітіндей жарық жұлдыз,
Көгінде жап – жарық боп сен тұра бер!
2 – жүргізуші : - Атаның баласы боп бөлінбедің
Ілеспей жетегіне көрінгеннің.
Үш атаның ұрпағын өгейсітпей,
Аялап жүрегіңнің төрін бердің.
Аңсаушы ең қазағыңның еркіндігін,
Мінеки туған халқың еркін бүгін.
Бар елменен терезе теңестірдік,
Арманың жүзеге асты кетпей тегін.
Қорытынды: Дінмұхамед Қонаев – шын мәнісінде еліміздің іргесін нықтап, еңсесін тіктеп, бүгінгідей қуатты мемлекетке айналдырып кеткен жан. Сондықтан ол туралы том – том кітап жазып, күні – түні шежіре шертсе де аз.
Осымен ұлы тұлғаны ұлықтауға арналған кешімізді Д. Қонаевтын сөзімен аяқтасақ. « Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын. Адамгершілік деген асыл қасиетті арасартып алмасақ екен. Өмір өзегі осы, азаматтық жол да осы.»
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 18.78 Kb |
Количество скачиваний: | 21 |