Урок на тема С.Дөнентаев «Заман біздікі», «Ой» фельетоны
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Кайнарбаева Дамегул Собаловна
|
Сабақ тақырыбы: С.Дөнентаев «Заман біздікі»,«Ой» фельетоны
Мақсаты: 1.Ақын өмірі, шығармашылығы туралы мәлімет беру;өлең мазмұны,тақырыбы, идеясын ұғындыру,
2.Ой өрістерін кеңейту,тіл мәдениетін дамыту,
3.Адамгершілікке, адалдыққа қайырымдылыққа тәрбиелеу
Сабақ түрі: дәстүрлі
Әдісі:сұрақ-жауап
Көрнекілігі:суреттер
Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру
І.Үй тапсырмасын сұрау
ІІ.Жаңа сабақ:С.Дөнентаев «Ой» фелетоны, «Заман біздікі»
А) Ақын өмірі, шығармашылығы туралы.
1894 жылы Семей обылысы Павлодар уезінің Ақсу болысында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 1907-1908 жылдары ауыл молдасынан қара таниды.1902 жылы білімін жетілдіру мақсатымен Павлодар қаласына келеді.Осы кезеңдегі ақынның білімін кеңейткен «Шора», «Уақыт»,»Айқап» атты қазақ, татар тілдеріндегі басылымдар, Абай және татар әдебиетінің классигі Ғ. Тоқайдың шығармалары болды.
1915 жылы Уфада алғашқы бұқарашылдық бағытта «Уақ- түйек»деп аталатын өлеңдер жинағы шықты.
Ақын халық соты, мұғалімдік,және газетте қызмет атқарған.Ақынның өз қолымен тапсырған өлеңдер жинағы 1935 жылы басылып шықты. Бірақ ақын бұл кітабын көре алмай кетті.
Қысқа өлеңнің шебері, мысалшы, сатирик, сыншы ақын Сәбит Дөнентаев 1933 жылы 23 мамырда қайтыс болады.
Ә) «.Заман біздікі»
В) Мәнерлеп оқу, талдау
Құл еркі қожайыны-тақсырдікі,
Құр қалмақ , әр орнында қырсық шалмақ,
Тартыншақ, жалқау қара бақырдікі
Даулы мал-ебін тапқан шешендікі.
Пыш-пышқа бағы ашылған көсемдікі
Еті мол, қымызы мол қалтасы тоқ,
Мінеки, мені-ақ кісі дегендікі.
-Өлең не туралы? Ақынның айтпағы не?
-Өлеңдегі ақын пікірімен келісуге бола ма?
ІІІ. Әдебиет теориясынан білім беру..
Ирония (грекше ажуа)-адамға ,нәрсеге сырттай жақсы баға берсе де, ішкі мағынасы оған қарсы шығып , және сол нәрсені келекеге айналдыру.
Фельетон-шағын көлемді ,публицистикалық үнді, көркем тілді,сын-сықаққа бай күлкі шақыратын әдеби шығарма.
ІV. «Ой» Фельетоны (мәнерлеп оқу)
Қаза берсе түбі жоқ,
Қазбағанда суы жоқ,
Ой деген- бір шыңырау.
Талаптыға жеткізбей
Талапсызды өткізбей,
Жынды қылған ,құрғыр-ау!
Сені қуған кісі әуре,
Қумағанның ісі әуре.
-Өлеңнің ерекшелігі неде?(шағын,қысқа жеңіл әзілді өлең)
-Ақынңың айтпағы не?
V. Көркемдігі.
Метафора
Эпитет
Ой деген-бір шыңырау
Даулы мал-ебін тапқан шешендікі
Жансыздық-іссізқарап тұрған тұрғандікі
Жаным-хақ, қара басым-патшанікі
Абырой кісілігім-ақшанікі
Даулы мал, жуас қой
VІ.Өлең құрылысына талдау.
Бұл заман /байқағанға/ күштінікі,/ 11 а
Азулы ,/тырнақты мен/ тістінікі/. 11б
Дүниенің /патшалығы,/ батырлығы-/ 12а
Тыпырлап, /тыныш жатпаған/ істінікі/ 12а.
3 бунақты, 4тармақты, 6 шумақты қара өлең ұйқасымен жазылған өлең.
VІІ. Қорытынды. Өлеңге түйін жазу
VІІІ.Бағалау
ІX.Үйге тапсырма: өлеңдерін жаттау, Ойдан фельетон жазу
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.76 Kb |
Количество скачиваний: | 28 |