Урок на тему "Біздің епті саусақтар, бәрін де жасайды"
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Кошмурзаева Алмагул Андировна
|
Мақсаты: Балалардың уақ моторикасын, қол бұлшық еттерін жетілдіру арқылы тілдік сөйлеу қызметін, байланыстыра сөйлеу қабілетін дамыту.
Көрнекі құралдар:тақтайшалар, баулар,шеге қағылған тақтайшалар,әріптер кеспесі, қағаздар, сұйық желімдер,әр түрлі дақылдар, гүл отырғызатын шелектер,гүлдер түбіртегі, суқұйғыштар.
Қажетті техникалық құралдар: магнитофон, үн таспа т.б.
Сабақ барысы: Тәрбиеші балалармен топқа кіріп, қонақтармен амандасады, орындарына жайғасып отыра бергенде есік қағылып, көңілсіз кейіп танытып Дымбілмес кіреді. Ол балалармен, тәрбиешімен, қонақтармен амандасады.
Тәрбиеші:
-Дымбілмес, саған не болған? Неге көңілсізсің?
Дымбілмес көңілсіз жауап береді.
-Мен бүгін бірінші рет мектепке барып едім, маған көп тапсырма берді. Тапсырманы орындайын десем қолымнан ештеңе келмеді. Саусақтарымның икемі жоқ. Сендерден көмек сұрап келдім.
Тәрбиеші: -Дымбілмес, сен оған қиналма! Біздің балалар саған көмектеседі.Көмектесеміз бе, балалар?
Балалардың жауабы:-Иә,көмектесеміз!
Тәрбиеші:-Олай болса, балалар, орнымыздан тұрып, Дымбілмес, сенде тұра қой, қолымызды жұмыс жасауға, тапсырмаларды дұрыс орындау үшін саусақтарымызға массаж жасаймыз.
1.-сол қолымызбен оң қолымыздың үстін сипаймыз. сосын керісінше жасаймыз.
2.-алақанымызды үстелдің жиегіне ары-бері үйкейміз.
3.-жұдырығымызды түйіп, оң жұдырығымызбен сол жұдырығымызды ұрамыз(балға тәрізді), сосын керісінше жасау.
4.-алақанымызды бір-біріне (жоғары-төмен) үйкейміз.
5.-саусақтарымызды бір-біріне айқастырып тараймыз.
6.-әрбір саусақтарымызды тартып, жұмыс жасауға дайындаймыз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Дымбілмес, көрдің бе, біздің балалардың саусақтары епті, саған көмектесуге дайын. Тапсырмаңызды айта беріңіз.
Дымбілмес:-Олай болса, тапсырмамды тыңдаңдар.
1-тапсырма. Дымбілмес әріптер жазылған қималарды көрсетеді. Балалар дыбыстарды атайды,сол дыбыстарға сөз ойлайды.(А,С,Ш,Ж,Т)
Балалар ойлаған сөздерін тақтайшаға жіппен өрнектеп көрсетеді.(балалар жұмыс жасап жатқанда баяу әуен естіліп тұрады) Тәрбиеші балалардан не жасап жатқандарын сұрайды.
-Жарайсыңдар,балалар!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 54.5 Kb |
Количество скачиваний: | 6 |