Урок на тему "Ойыншықтар" Қоршаған ортаменн таныстыру
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Кошмурзаева Алмагул Андировна
|
Мақсаты: Балаларға сүйікті ойыншықтары туралы әңгімелеу,оларға сипаттама беру,ойыншықтарды таза мұқият ұстауға үйрету.Сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.Ұқыптылыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу
Ұйымдастыру бөлімі:
Тәрбиеші: Балалар, орнымыздан тұрып келген қонақтармен амандасайық.
Тәрбиеші: «Кім жылдам» ойыны арқылы балаларды орындарына отырғызу. Қыс мезгіліне, оның ерекшеліктеріне тоқталу. Балалар қараңдаршы, біздің тобымызда ойыншықтар қандай көп, олар қандай әсем, әдемі ойыншықтар. Балалар, мынау қандай ойыншық?
-Доптың пішіні қандай?
-Түсі қандай?
-Доптың қимылы қандай? Қане бәріміз допша секірейік. Ал мына қуыршақ бізбен амандасқысы келіп тұр. Балалар, қуыршақтың әдемі шашы,әдемі көйлегі бар екен. Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай?
-Қуыршақ қалай жүреді?
-Балалар мына қоянға қараңдаршы сендерге күлімдеп қарап отыр,қоянның түсі қандай? Қоян немен қоректенеді?Ол қалай секіреді?
-Балалар, біздер бұл ойыншықтарды қолымызбен ұстап,сипау арқылы оларды қандай материалдан жасағандарын есімізге түсіріп жіберейікші.-Пластмасса,жұмсақ материалдан,резинадан.
Тосын сәт: Есік қағылып, топқа ішінде ойыншықтар салынған дорба алып кіреді. Балалар, дорба ішінде хат бар екен.Сендерден ойыншықтар көмек сұрап жатыр, әр материалдан жасалған ойыншықтар, бір-бірімен ойнап жүріп, үйлерін таба алмай қалыпты, біздер бұларды өз үйлеріне орналастыруымыз керек. Ойыншықтарды жасалған материалдарына қарай топтастырып, оларға сипаттама бергізу.(үйлеріне кіргізу) Өте жақсы балалар, сендердің көмектеріңмен барлық ойыншықтар өз үйлерін тапты.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 19.06 Kb |
Количество скачиваний: | 8 |