Урок на тему С.Торайғыров "Бір адамға"

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Білімділік: Оқушыларға ақын өмірі,шығармашылығы туралы мағлұмат беру;«Бір адамға» өлеңімен таныстыру,өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашып,мәтінді сын тұрғысынан ойланту арқылы меңгерту.

Дамытушылық: Жалпы оқушы бойындағы қабілетті дамыту,өз бетінше ізденіп, қосымша мәліметтермен жұмыс істеуге дағдыландыру,өзінше ой қорытып,пікір айта алуға дағдыландыру,шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік:Оқушыларды адам бойындағы қасиеттердіқастерлеп,құрметтей білуге үйрету;

Үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсете білуге,адамгершілікке баулу

Сұлтанмахмұт Торайғыров 1914 жылы ел аралап жүріп, Павлодар маңының атақты шонжары Шорман аулына түседі. Байлығына мастанған Шорман ұрпақтары ата тегінің патша өкіметінен алған шен-шекпендерін, халықтың көзі жасымен жиналған қазына-мүлкін көрсетіп, мақтаныш білдіреді. Мұны жақтырмаған ақын осыған байланысты «Бір адамға» өлеңін шығарады. Бай үйінің асыл жиһаздарын көрген ақын:


Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: «Оңдырған-ау, баққан халқын!»
Соншама құны толық бұлды түйме,
Артында қалдырмас па жақсы даңқын?!- дейді.

а) Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар...

ә) Ол рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан қып, қымбат емес кемге алыпты.

б) Ойладым. «Оңдырған - ау, баққан халқын!»

в) Қай момынның малы бар бұл аяқта?

г) Кесені қолыма алып, қарай бердім:
«Ішінде нақақ көзден жас бар ма?» деп,-

деген жолдардың астарлы мағынасын ашыңдар. Бұл сөздер, бір қарағанда, мақтау сияқты көрінгенімен, олардың астарында зілді кекесін жатқанын байқау қиын емес. Келесі шумақтың мазмұны да осылайша астарлы келекеге негізделген.
Міне, осы сияқты сөздерді қарама - қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдануды ирония дейміз.

Сатира (оқулықпен жұмыс)
Сұлтанмахмұт «Бір адамға» өлеңінде ел ішінде байлығына масаттанған бір адамның басқаларға істеген қиянатын, озбырлығы мен жиіркенішті қылықтарын батыл әшкере етеді. Өлең ащы мысқыл, зілді кекесін түрінде берілді.
Көркем шығармада өмірдің бір жағымсыз жақтары мен құбылысын осылайша күлкі ете, мысқылдай суреттеуді сатира деп атайды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 29.5 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 88

Похожие материалы