Урок по физике на тему:Педагогтардың кәсібі құзыреттілігін арттырудың негізгі факторы ретінде әдістемелік жұмыста интербелсенді үлгілер мен әдістерді қолдану. (коучинг – сессия жоспары)
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Заирова Огулям Имарджановна
|
«Біләл Назым атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын ортағылығымен» мемлекеттік мекемесі
Педагогтардың кәсібі құзыреттілігін арттырудың негізгі факторы ретінде әдістемелік жұмыста интербелсенді үлгілер мен әдістерді қолдану.
(коучинг – сессия жоспары)
Физика және информатика пәні мұғалімі:
Заирова Огулям Имарджановна
Жаркент қаласы. 2014 жыл
Аудандық білім бөлімінің 2014 оқу жылындағы мектеп директорларының оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларына арналған педагогикалық оқу бірлестегі.
Коучинг – сессия жоспары
Күні-айы
13.08.2014 жыл
Тақырыбы
Педагогтардың кәсібі құзыреттілігін арттырудың негізгі факторы ретінде әдістемелік жұмыста интербелсенді үлгілер мен әдістерді қолдану.
Жалпы мақсат
Интербелсенді оқу/оқытудың басты ерекшеліктерімен танысып, өзіндік пікір қалыптастырады. Олар әрекет арқылы үйрену/үйрету, ұстаздың өзгертілген қызметі секілді мәселелерді қарастырып, дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқутудың айырмашылықтарын ажыратады.
Оқытудың нәтижесі
• Интербелсенді әдістемені теориялық тұрғыдан негіздеп, оның репродуктивтік білім және оқыту жүйесімен салыстырғанда артықшылықтары мен өзектілігін дәлелдей біледі.
• Интербелсенді әдістеменің әдістері мен тәсілдерін өзінің сабақ беру практикасында қолдана біледі.
• Топпен бірлесе отырып берілген тақырып бойынша пікір алмасады , ынтымақтастық атмосфера қалыптасады.
• Мұғалімдердің топтық жұмысқа деген көзқарасы өзгереді.
Сілтеме
Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелі
(Асхат Әлімов)
Сабақта қолданылатын материалдар
Интерактивті тақта,үлестірмелі материалдар, ватман, маркерлер,стикерлер.
Оқыту әдістері:
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
АКТ
СТО
1.Диалогтық
2. Топтық жұмыс
3. Жеке жұмыс
4. Рөлдік ойындар
бөлінген уақыты
коучтың
іс-әрекеті
мұғалімдердің
іс-әрекеті
І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
5 мин
1.Топқа бөлу
1,2,3,4,5 сандарына
таңдау арқылы топқа бөлу.
Сандар алу арқылу топтарға бөлінеді. Топтар бір –біріне тілектер айтып, жағымды атмосфера орнатады.
5 мин
2.Топтың ережесін құру тапсырылады.
Бірлесе отырып, топ ережесін құрады және ережемен таныстырады.
2 мин
3.
Топ мүшелері рөлдерді өз ара келісіп, бөлісіп алады.
1.Төраға
2. Идея келтіруші («идеялар генераторы»)
3.Суретші
4.Талдаушы
(немесе сұрақ қоюшы)
5.Барлаушы
6.Уақыт қадағалаушы (таймкипер)
І. «Ой қозғау»
Қызығушылығын
ояту.
5 мин
Бейнежазба көрсету.
« Современный учитель глазами учеников»
Қазіргі мұғалім қандай болу керек?
Сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлана жауап береді.Әр топтан бір – бір спикер шығып өз ойларымен бөліседі?
ІІ. Топтарға
тапсырма
20 мин
1-топ. Репродуктивтік және конструктивтік білім түрлері.
2-топ. Дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқытудың айрымшылықтары.
3-топ. Интербелсенді оқуды ұйымдастыру ережелері.
4-топ. Интербелсенді әдістер
5-топ. Әр сабақта қолданануға тиімді интербелсенді тәсілдер.
1.Әр топқа өз ойын постер арқылы бейнелеу тапсырылады.
Әр топ өз ойларынан постер дайындайды.
4 мин
Тренинг «Сағат бойынша достар»
Мұғалімдердің көңіл күйлерін көтеру.
20 мин
2.Қорғау.
3.Қорғау жұмысы бойынша сұрақ қою.
Жұмыстарын өз ара бағалау.
Дайындаған постерлерін қорғайды.
Бір – бірін тыңдайды, қорңау жұмыстарына байланысты сұрақтар қояды.Басқа топтардың жұмысына стикерлерге «Екі жұлдыз, бір тілек» жазып бағалайды.
5 мин
Оқудың интерактивті әдістерінің артықшылығы қандай?
Рефлексия
3 мин
Алған әсерлерін рефлексия парағына жазу.
1.Не ұнады?
2.Ұтымды жерлері?
3. Менің тілектерім.
Алған әсерлері мен ұсыныстарын смайлик арқылы бейнелейді не жазады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 382 Kb |
Количество скачиваний: | 19 |