Урок по географии на тему "Климат Австралии" в 7 классе на казахском языке

Предмет: География
Категория материала: Конспекты
Автор:

Урок "Климат Австралии" был проведен с целью развития критического мышления у учащихся. Была проведена игра "Мозаика", где каждый учащийся выполнял определенную роль. Это 3-й урок из серии. К нему также прилагаю анализ на казахском языке:

Сабақтың тақырыбы «Аустралияның климаты». Оқушылардың көбі үй тапсырмасын орындамай келді. Тек қабілеттері жоғары және кейбір орташа деңгейлі ооқушылар ғана орындады – жалпы шамасы 60 %. Сондықтан балалар сабақтың мақсатын толық ашалмады.Төмен дәрежелі сұрақтардан 1-не жауап берген жоқ. Жоғары деңгейлі сұрақтардың да 1 сұраққа жауап бере алмады. Осы 2 сұрақ та мағынасы бірдей және үй жұмысымен байланысты болып келеді. Пайдалы қазбалардың шартты белгілерің беріп, ққушыларды топқа бөлдім. «Мозаика» ойында оқушылар топ ішінде кім қандай рөлді атқаратының анықтады. Бақылауға алынған оқушылардың ішінен: Маржан – баяндамашы, Талғат – төраға, Еркежан – хатшы және таймкипер, рөлдерді таңдады. Бағалаушылар критерийлерді өздері құрастырып,өздерінің және басқа топтарды бағалау керек болатын. Бірақ сабақ барысында бағалаушылар өте көп сұрақ қойып, түсінбеушілікті танытты. Өйткені, олардың ішінде бір оқушы орташа деңгейлі, ал қалған 3 топтың бағалаушылары – төмен деңгейлі оқушылар. Осы орташа деңгейлі бала – Елдар – критерийлерді басқа бағалаушыларға ұсынып бағалау парағын құрастырды. Осында қателік менен кетті деп ойлаймын критерийлерді оқушылар құруды әлі үйренген жоқ, сондықтан оларды мен дайын жасап беру керек еді. Немесе бағалаушы  рөліне қабілеттері жоғары оқушыларды қою керек еді.Төраға рөлінде О.Балнұр «Аллюминий» тобынан өте жақсы өзін көрсете білді. Сабақ аяғында 2 топтың баяндамашылары осытопта тапсырманы айту қиынға соқты деп пікірлерімен бөлісті, өйткені онда О. Балнұр көп қиын сұрақтар қойыпты. Ал Талғат төраға рөлінде өз-өзің көрсете алмады. Сұрақтарды 2 топтың бяндамашысына қойған жоқ, ал «Никель» тобынан келген баяндамашыға (Маржан) тақырыпқа байланысты емес сұрақтарды қойды. «Ұран» тобындағы отырған оқушылардың үшеуі – төмен қабілетті оқушылар, ал Талғат пен Гүлназ орташа деңгейлі. Гүлназ өз ойын жеткізе алатың оқушы, сондықтан ол – баяндамашы рөлін таңдады. Талғат берілген тапсырманы толық орындай алмады, топтағы жұмысты бірлесіп істей алмады, топта лидер бола алмады. Бағалаушылардың барлығы оған «4» деген баға қойды. Маржан баяндамашы рөлін таңдады, өйткені өз пкірін ашық айта алатың, ашық мінезді оқушы. Сабақ айтуды, өзіне назар аударуды  жақсы көреді. Баяндамашы рөлін жақсы ақтарды. Қойған сұрақтардың бәріне дұрыс жауап бере алды. 3 бағалаушы оған максимальды балл қойды, «5» деген баға. Еркежан хатшы және таймкипер рөлінде болды. Таймкипердің рөлін жақсы ақтарса, хатшы рөлін дұрыс атқармады. Топта айтқан сөздердің көбін жазып алған жоқ, грамматикалық қателер көп. Бағалауда оның жұмысына «4» деген баға берді. Бір топ «3» қойды. Рефлексияда 3-ші смайликті (эмоциясыз) қосып қойдым, өйткені оқушылар сабақ туралы пікірлерің толық жазбай қойды. Бір оқушы сабақ орташа, қиын сұрақтар болды деп жазыпты. Сондықтан 3 смайликті қосқаным дұрыс болды деп ой келді. Қалған оқушыларға сабақ қатты ұнапты. Әсіресе, би – сусиырдың өлеңі – өте ұнады. Қызықты болды, көп нәрсе білдім деп жазыпты. Сабақта отырған әдіскер -балалар уақытты үнемдей алмайды, мұқият емес. Мұғалім толық түсіндіре алмады тапсырмаларды, деп пікір айтты, сондықтан оқушыларда түсінбеушілік туды – бағалаушыларда, таймкиперлерде, сергіту сәті. Бірақ балалар тапсырманы, әзер болса да орындады.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.46 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 133

Похожие материалы