Урок по геометрии для 7 класса "Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы."

Предмет: Математика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Урок по геометрии для 7 класса

« Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы /2 сабақ/Үшбұрыштың сыртқы бұрышы.»

Сабақтың мақсаты:Біліимділік: 1) Үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы ұғымдарын қалыптастыру;2)практикалық есептеу дағдыларын бекiту;

Дамытушылық: Оқушыны ұқыпты тыңдауға,сұрақтарға нақты жауап беруге,практикамен ұштастыруға,тез шешім қабылдай білуге,өз білімін көрсете алу қасиеттерін ашуға үйрету;

Тәрбиелік:Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға,ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге баулу.

Әдіс-тәсілдері: 1. Электронды оқулық 2.Іздендіру тәсілі 3. Сұрақ-жауап.

Сабақтың түрi: Біліктілік пен дағдыны игеру және қалыптастыру сабағы.

Көрнекілік: слайдтар «әңгімелесуші оқулық»,интербелсенді тақта.

Сабақтың жүргiзiлу барысы : I кезең: Ұйымдастыру кезеңі :

IIкезең:Білімді жан-жақты тексеру кезеңі Оқушыдан сұрау барысында барлық оқушының ынта-ықыласын, назарын белсенді түрде сабаққа жұмылдыру, бүкіл класты табысты жұмыс істеуге мәжбүр ету.

1. Өткен сабақта біз қандай тақырып меңгердік есімізге түсірейік ?

2.Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неше градусқа тең ?

3.Доғал бұрышты үшбұрышта неше сүйір бұрыш болады ? Неге ?

4. Тік бұрышты үшбұрышта неше сүйір бұрыш болады ? Неге ?

5.Интербелсенді тақтаға алдын ала сызылған сызбалар бойынша ауызша есептер шығару

Сызбада көрсетiлген үшбұрыштардың белгiсiз бұрыштарын анықта

6.Есептер шығару : Әр нұсқаға бір есептен ұсынылады жазбаша орындауға. Оқушылар өз жұмыстарын тақтамен тексереді.

1)Үшбұрыштың бұрыштары мына сандарға пропорционал 4,5,9 .Бұрыштарды табыңдар .

2)АВС үшбұрыштың А бұрышы С бұрышынан 600 үлкен. Егер В бұрышы 460 тең болса , үшбұрыштың бұрыштары неге тең?

IIIкезең . Жаңа білімді меңгерту кезеңі: /іздендіру тәсілі/

Балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз үшбұрыштың сыртқы бұрышы.Дәптерлеріне тақырыпты жазыңдар.Компьютердің көмегімен оқушылар сұрақтарға жауап беру барысында жаңа тақырыпты өздiгiнен меңгередi .

1.Берiлген үшбұрыштың бұрыштарын ата.

В 2.берiлген үшбұрыштың бұрыштарына сыбайлас

бұрыштар салыңдар.

3.үшбұрыштың сыртқы бұрышы деген не?

4. қалай үшбұрыштың сыртқы бұрышын саламыз?

5.үшбұрыштың бiр төбесiнде қанша сыртқы бұрыш

А С Е салуға болады? Олардың градустык өлшемі қандай ?

6.АВС үшбұрыштың В төбесiндегi сыртқы бұрышы 1250

тең . <АВС =?

7. үшбұрыштың iшкi бұрышы мен сыртқы бұрышына тең бола ала ма?

8.егер <А және <С белгiлi болса , <СВД=?

Қорытынды: үшбұрыштың сыртқы бұрышы онымен сыбайлас емес екi iшкi бұрыштың қосындысына тең .

9.Теореманы дәлелдеу:

теоремадан шығатын салдар: үшбұрыштың сыртқы бұрышы онымен сыбайлас емес кез келген iшкi бұрыштан үлкен болады.

IV кезең: Жаңа сабақты меңгеруін тексеру:

Интербелсенді тақтаға алдын-ала дайындалған сызбалардан белгiсiз бұрыштарды

анықта , дәлелдеген теорема бойынша .

Vкезең .Оқушылар білімін бекіту :

- Үшбұрыштың екі сыртқы бұрышы 1000 және 1500 –қа тең.Үшінші төбесіндегі сыртқы бұрышын анықтаңдар./ жазбаша шығару/

Қорытындылау сабақты: /жаңа материалдың негізгі идеяларын қайта айтып бере алу,негізгі ұғымдардың түйінді мәселелерін бөліп ала білу/

-Сабақтан не алдық ? Не білдік ?

VI кезең. Оқушыларды үй тапсырмасы туралы информация беру,оны орындауға нұсқаулар беру.Үй тапсырмасы / дараланған / №156,170 есептер ; сұрақтары ,58 бет.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 1.18 Mb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 167

Похожие материалы