Урок по химии для 10 класса "Химический марафон"

Предмет: Химия
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Білімді ұрпақ- болашақтың кепілі

Химиялық марафон

Сабақтың мақсаты: Химия ғылымының құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып, ойын элементтері арқылы , қосымша материалдардан мағлұмат беру, өздігінен ізденуге, топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа баулу.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, ағылшын тілі, биология, дене тәрбиесі және жеңіл атлетика.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сайыс сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Химиялық тәжірибелерге қажетті реактивтер мен ыдыстар, көрініске арналған макеттер , плакаттар, нақыл сөздер, сауалнамалық сұрақтар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе сөз: Химиялық сайыс сабағы өлеңмен басталады

Көңілді тапқыштар, білімділер Кім білімді, көп оқыған болса егер , Бар өнерін алдарыңа салады Бүгінгі күн жеңімпазы болады

Таныстыру: Топ басшысы өз тобының мүшелерімен, топтың атымен белгісімен таныстырады.

Сайысқа түсуші 2-топ

«Білімдер», «Алғырлар».

1-кезең: Тапқырлық жарысы /4-білімгер/

Екі команда өздеріне берілген қоржыннан нөмірлерін алып тапсырманы уакыттың белгісіне орындайды. Дұрыс жауап-10 ұпай беріледі.

1.Өзім газбын, менімен демаласың, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың (О2) 2.Шыдасаңда алты күн ассыз мүлде,шыдау қиын бұл заттсыз екі күнге (су) 3.Ол болмаса астың дәмі кірмес, Кім бар ортада оны білмес (Тұз) 4.Қыздырып соқсаң иленеді Балға мен төстен именеді (Темір)

1.Патша сұйығы деген не? (НNO3+HCI) қоспасы. 2.Адам асқазанының сөлінде қандай қышқыл бар? (Тұз қышқылы) 3.Қандай қышқылдар сұйықты ерітеді? (HCl+H 2SO4).

4.Ең жеңіл металл? 5.Европада мемелекет атын койлған металл? (Полоний) 6.Дұрыс пайдалансаң емдейді, ал бұрыс пайдалансаң мұгедек етеді? (Мышьяк) 7.Адам алақанында еритін металл? (Литий). 8.Ең созылғыш металл? (Алтын) . 9.Қанның құрамына кіретін металл? (Темір) 10.Күміс нитратының техникалық атауы?

2-кезең: Біліктілік жарысы /4-білімгер/

А)Заттың аты берілген,формуласын жазу керек.

№1 Калий карбонаты; №7Алюминий оксиді №2 Натрий гидрооксиды; №8Темір хлориді(ІІІ) №3 Кальций оксиді; №9 Мырыш гидрооксиді №4 Калий гидрооксиді, №10 Тұз қышқылы №5 Натрий хлориді №11 Ортофосфор қышқылы № 6 Кремний қышқылы №12 Магний нитраты

Б)Сәйкесін тап

1.Тұз кышқылы H 3PO4 2.Фосфор қышқылы H 2SO 4 3.Кремний қышқылы HNO3 4.Азот қышқылы H2 CO3 5.Көмір қышқылы H 2SiO 3 6.Сірке қышқылы HCL

Берілген сөздерді қазақшаға аударыңыз: /2-білімгер/

1.Oil- мұнай 3.Iron- темір 5.Gold-золото

2.Acid - қышқыл 4.Wax-парафин 6.Water- су

3-кезең: Эстафеталық жарыс /2-топ/

  • 1-топ «Білімділер»

2-топ «Алғырлар»

4-кезең: Капитандар жарысы

Энергетикалық деңгейлері бойынша электрондардың таралуын көрсету/кесте толтыру/

Химиялық

таңбасы

Электрондық формуласы

Электрондардың орбитальда таралып орналасуы

Са-кальций

+20 )))) 2,8,8,2

1s/ 2s 2p/3s 3p/4s

Аg-күміс

+47 ))))) 2,8,18,18,1

1s/ 2s 2p/3s 3p3d/4s4p4d/5s

K-калий

+19 )))) 2,8,8,1

1s/ 2s 2p/3s 3p/4s

Sn-қалайы

+50 ))))) 2,8,18,18,4

1s/ 2s 2p/3s 3p3d/4s4p4d/5s 5p/

5-кезең: Практикалық сайысы

«Қызықты химия қақпасы»

Химиялық тәжірибелерге қажетті реактивтер мен ыдыстар

Тәжірибе: «Мерекелік фейрверг»

/орындайтын 2-топтың білімгерлері/

  • 1-топ «Білімділер» /попури- биі/

2-топ «Алғырлар»

Оқытушының қорытынды сөзі: Білім деген биік шың Бақытқа сені жеткізер Білім деген ақылшың , Қиіндықтан өткізер Жастықтың оты қайдасың , Жүректі түртіп қозғамай. Ғылымның біліп пайдасын, Дүниенің көркін болжамай .-

деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдар арқылы сайысымызды қорытындылап ,білімді жастарымызды бағалау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына беріледі.

Мұндай сайыстар білімгерлердің танымдық қабілеттерін арттырып, пәнге қызығуына ықпал етеді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.76 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 138

Похожие материалы