Урок: по химии на тему «Калий перманганатынан оттегін алу және оның қасиеттерін зерттеу» (8 класс)

Предмет: Химия
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

1) Оқушылардың оттегін алу және оның химиялық, физикалық қасиеттері туралы білімдерін бекітіп, ауаны, суды ығыстыру арқылы газ жинау іскерлігін қалыптастыру.
2) Лабораториялық құралдармен жұмыс істеуді одан әрі жетілдіріп, байқағыштығын дамыту.
3) Істелген жұмыстың мазмұнын дәптерге жаздырып, үйрену дағдысын қалыптастыру, қауіпсіздік техникасын  сақтау ережесімен таныстыру.

 


 


Кәне, балалар бұл тақырып бойынша сендер не білесіңдер? Естеріңе түсіріп көріңдерші. Өткен сабақтарда қандай тақырыптармен таныстыңдар? Кәне, кім айтады?
-Олай болса, жай, бос күйіндегі оттегі газын қалай аламыз?
-Қандай күрделі заттардан аламыз?
- Балалар, Лондон қаласының кіре берісінде атақты бір химик ғалымның ескерткіші орнатылған екен. Оның қолында үлкейткіш шыны(Лупа) бар көрінеді, ол қай ғалым?
-Тағыда оттегіні алған қандай ғалымды білесіңдер?
- Д.Пристли қай затты күн сәулесіне қойып, қыздыру арқылы оттегі газын алған?
-Ал, бүгінгі сабақта сендер, қандай күрделі заттардан аласыңдар? Ол қандай зат, оның формуласы қандай?
Балалар, практикалық жұмысқа кіріспес бұрын, қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп жіберейік.

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.65 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 100

Похожие материалы