Урок по информатике 5 кл: Компьютердің негізгі құрылғылары

Предмет: Информатика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Барлық компьютерлердің бір-бірінен айырмашылығы – олардың құрамына кіретін құрылғылардың әртүрлі болуында. Дербес компьютер 3 бөліктен тұрады:

·         Ақпаратты шығару құрылғысы – монитордан,

·         Ақпаратты енгізу құрылғысы – пернетақтадан,

·         Ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғысы – жүйелік блоктан.

Бұл құрылғылар міндетті (негізгі) құрылғылар. Оларсыз компьютер жұмыс істей алмайды.

Жүйелік блоктың құрамы: аналық тақша, процессор,  жедел жады, қатты диск, видеокатра мен дыбыс карталары, дискіжетек, желілік карта.

Жүйелік блок

Компьютердің жүйелік блогына әртүрлі құрылғылардың негізгі жиыны орналасқан. Мұнда аналық тақша, жедел жады, қатты диск, процессор, дискіжетек, видеокарталар, дыбыс пен желілік карталар орналасқан.

Аналық тақша – жүйелік блоктың ішінде басқа құрылғылар жалғанған негізгі бөлік. Ол арқылы  жүйелік блоктың құрылғылары өзара байланысып, ақпарат алмасу іске асады.

Процессор – бұл компьютердің негізгі бөлігі, ол компьютердің «миы». Ол компьютердің жұмысын басқарады, барлық командаларды орындайды. Оның жылдамдығына компьютердің жұмыс өнімділігі тәуелді.

Жедел жады – компьютерде деректерді уақытша сақтау жадысы. Ол тек компьютер жұмыс істегенде ғана қолданылады. Жадтың «жедел» деп аталуы оның өте жылдам жұмыс істеуіне байланысты, яғни процессор жадтан ақпаратты оқу мен жазу үшін көп уақыт жұмсамайды. Егер компьютерді өшірсең, мұндағы барлық ақпарат жойылады.

Қатты диск – ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы. Олқолданушының программалары мен файлдарын сақтайды.

Видеокарта– жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғы. Ол компьютер бейнесін мониторға шығаруға дайындайды. Бейненің сапасы видеокартаға тәуелді.

Дыбыс картасы – компьютерде дыбыспен жұмыс жасау үшін қажет. Ол әртүрлі дыбыстық сигналдарды: сөз, әуен, шу эффектілерін жазу мен ойнатуда қолданылады

Монитор

Компьютердің мониторы (дисплей) – бұл мәтіндік және графикалық ақпаратты компьютер экранына шығаратын құрылғы.

Құрылысы бойынша 2 түрге бөлінеді:

·           Электронды-сәулелік мониторлар – электронды-сәулелік түтікшелерден тұрады. Олар теледидар сияқты жұмыс істейді. Олар арзан және сенімді болып келеді. Кемшіліктері: басқа дисплейлерге қарағанда тым үлкен, көп энергия жұмсайды, сәуле шығару деңгейі аса жоғары.

·           Сұйықкристалды мониторы немесе LCD-мониторлары. Оларжеке сұйықкристалды ұяшықтардан тұратын матрица болып табылады. Сұйықкристалды мониторы артықшылығы: пайдаланушы денсаулығы үшін қауіпті сәулелерді таратпайды, энергияны тұтынуға аса үнемді болып келеді, бейнелеудің жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Кемшіліктері: қымбат, экранға қырынан қарайтын болсақ, ештеңе көрінбейді.

Монитордың ажырату қабілеті көлденең және тік орналасқан кескін элементтерінің мөлшерімен анықталады.кескін элементтері нүктелер – пиксельдер түрінде беріледі. 

Монитор сипаттамасы:

·         Экран диагоналінің өлшемі. Дюйммен өлшенеді. Қазіргі кезде мониторлар диагоналі 17,19,20,21,29,33,37,38 дюймді болуы мүмкін.

·         Экрандағы нүктелер арасындағы арақашықтық. Миллиметрмен өлшенеді. Бейнелеу қанықтығын анықтайды. Оның параметрі 0,22 ден 0,43 мм-ге дейінгі аралыққа жатады.

·         Ажырату қабілеті– көлденең және тік орналасқан пиксельдер саны. Ең төменгі ажырату қабілеті: 800*600. Монитордың ажырату қабілеті жоғары болса, соғұрлым жоғары сапалы кескіндер аламыз.

·         Кадрлық жайма жиілігі, герцпен өлшенеді. Бұл параметр адамның көру қабілетіне тікелей ықпал етеді, өткені жайма жиілігі төмен болса (85гц-тен төмен) экранның жыпылықтауы визуалды сезінеді, бұл бастың ауруы мен көздің шаршауына әкеледі.

·         Бейнелейтін түстер саны. Қазіргі монитор экранында миллиондаған түстерден тұратын кескіндерді бейнелей алады.

Пернетақта

Пернетақта – компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Ол мынадай бөліктерден тұрады:

·         Алфавиттік-цифрлық пернетақта – символдық пернелер. Олар пернетақтаның ортасында орналасқан, пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Пернетақтаның бұл бөлігі арқылы латын, орыс, қазақ әріптерін, тыныс белгілері мен басқа да символдарды енгізуге болады.

·         Меңзерді басқару пернелері – бұл пернелер символдық пернелердің оң жақ төменгі бөлігінде орналасқан, үстінде бағдаршалар суреті бар және Home, End, PageUp, PageDown батырмалары кіреді. Меңзер дегеніміз – экранда жыпылықтап тұратын символ (сызықша түрінде).

·         Функционалдық пернелер – F1-F12 әріптерімен белгіленген, символдық пернелердің үстіңгі жолда  орналасқан. Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орныдау үшін қолданылады. Әртүрлі жағдайларда олар түрлі міндеттер атқарады.

·         Қосымша цифрлық пернетақта – пернетақтаның оң жағында орналасқан, қосымша пернетақта. Олардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге болады. NumLock батырмасы пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін ауыстырады. Ол өшіріліп тұрса, сандар енгізілмейді.

·         Басқару пернелері- Enter, Shift, Alt, Ctrl, CapsLock, Tab, Esc, Insert, BackSpace, Delete, PrintScreen, Scroll Lock, Pause. Негізгілерінің қызметі:

o    Enter немесе енгізу пернесі. Бұл ең басты перне, оны басу белгілі бір әрекеттің, операцияның аяқталғанын, компьютерге нұсқау беру дегенді білдіреді.

o    Shift пернесі. Бұл кіші әріптерді үлкен әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылады. Бас әріпті енгізу үшін оны басып тұрып, әріпті енгізеді.

o    CapsLockпернесі. Егер бұл перне бір рет басылса, бас әріптер енгізіледі, екінші рет бассаңыз кіші әріптер енгізіледі.

o    BackSpace пернесі – бұл перне алдыңғы символды өшіру үшін қолданылады.

Deleteпернесі – меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 32.56 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 93

Похожие материалы