Урок по истории "Орта ғасырдағы Африка" (8 класс)

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Африкадағы ең ежелгі мемлекет Египет еді. 395 жылы Рим империясы екіге бөлініп кеткен соң ол Византияның қол астында қалды. IV ғасырдың басына қарай оның халқы христиан дінін қабылдаған болатын. Египетті 639-642 жылдары арабтар басып алды. Жергілікті копт халқы арабтарды өздерін Византия қысымшылығынан құтқарушылар ретінде қуана қарсы алды. Византия императорларының жер иеліктері мұсылман кауым дарының жерлері деп жарияланды. Ол жерлерде отырған шаруалар қазынағахарадж деп аталған жер салығын төледі. VII ғасырдың ортасына қарай Египеттің халқы ислам дінін кабылдап, араб тіліне көше бастады. IX ғасырда Араб халифатының әлсіреуіне байланысты Египет тәуелсіздігін алды. Оның аумағында Тулунилер, Фатимилер әулеттері басқарған дербес мемлекеттер құрылды. 1171 жылы Египеттегі өкімет билігі Айюбилер әулетінің қолына көшті. Ол әулеттің негізін қалаушы сұлтан Салах-ад-дин болды. Айюбилер сұлтандары мәмлүктер деп аталған құлдардан құрылған ұлан ұстады. 1250 жылы мәмлүктер өкімет билігін басып алды. Мәмлүктердің ұлы әскери және мемлекет қайраткері қазақ даласының перзенті, қыпшақ Бейбарыс болды. Ол крест жорықтарына қарсы шыққан Египет өскеріне колбасшылық етті. Бейбарыс батырлығымен, жомарттығымен, әділеттілігімен халықтың сый-құрметіне бөленді. 1260-1277 жылдары Египетті биледі. 1517 жылы мәмлүктерді түріктер жеңіп, Египетті Осман империясына қосып алды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 749.69 Kb
Количество скачиваний: 52
Просмотров: 151

Похожие материалы