Урок по казахскому литературе на тему Т.Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі (5 класс)
Предмет: | Физкультура |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Есетова Айгуль Буркитовна
|
Өлең жазбасам..
Өлең жазбасам,
бірдеңем жоғалғандай,
Мазам кетіп жүремін оңала алмай.
Әлсіздік пен мәнсіздік, мазасыздық,
Соңымнан бір ереді олар қалмай.
Өзімді өзім ұнатпай, құнсызданам,
Көз алдыма келеді күнсіз далам.
Қуат таппай ұшуға, қонуға да,
Мұңаямын, өзімше құр сызданам.
Бақытпен де кезінде бастас едік,
Бара жатам біртүрлі босқа семіп.
Өзімді өзім алдаймын, өтірігіме
Өзім сенбей, қалардай басқа сеніп.
Мейірімменен көңілін жібітті де,
Аяқ басты шалдыққа жігіт, міне.
Не тапсам да, барлығын жырдан таптым
Күдікті де, күлкіні, үмітті де.
Өмірімнің өзені жай ақпастан,
Күнде таңда ұйқымнан оятты аспан.
Жырдың өзі – бітпейтін денсаулығым,
Ерке күнім ертеңге аяқ басқан.
Жарқылдаймын, кәрілік, сені ұмытып,
Жігіттіктің кеудеме желі бітіп.
Өмір сүрсем дейтұғын үміт-кеме
Жағалауда тұрады мені күтіп
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 195.5 Kb |
Количество скачиваний: | 23 |