Урок по казахскому языку для 8 класса

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Осы сабақ жоспарын құрғанда мен  7 модульды кірістіре отырып жоспарладым. Мен сабақтарымда тиімді  тәсілдерді пайдалануға тырысып, сабақта оқушыларға  берілетін  тапсырмаларды,  сыныптағы  оқушылардың когнитивті  танымы  мен жас  ерекшеліктеріне  қарай  ұйымдастыруға тырыстым. Оқушыларға берілетін  тапсырмалар  мен сұрақтар ой қозғау, білу, түсіну, қолдану мен   бағалауға   негізделген.Тақырыпқа сай берілетін  тапсырмар оқушылардың  көшбасшылық танытуына, шығармашылық  әрекетке  түсуіне, бір – бірімен идея алмасуға, диалог құру барысында  сыни  тұрғыдан ойлануларына жетелейтін тапсырмалар мен сұрақтарды қамтитындай тапсырмалар мен  сұрақтарды  ұйымдастыруға тырыстым.Осы өткізген сабақтарымның нәтижесі ретінде айтарым, оқушыларым топта   ынтымақтастықпен  жұмыс жасауды үйренді. Сонымен  қатар  оқушыларымның  сабақ  барысында  сабаққа деген  қызығушылықтары  мен  белсенділіктері  артқандарын байқадым. Өздеріне   сенімсіз болған  оқушыларым,   постер  қорғау кезінде  өз-өздерін  реттегенін  байқадым.Оқушыларымның көбі  өзге ұлт өкілдері болса да, өздеріне қойылған   сұрақтарға  жан – жақты  ойланып,  дұрыс жауап  беруге тырысып,  дағдылана  бастады. Топқа  бірігулеріне  байланысты оқушылар бір-бірін тыңдап, бір-біріне сыйластықпен қарай бастады.  Сабақ  барысында оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  ылғи көңіл  бөлуге тырыстым ,  олардың   қызығушылықтарына  сай   сабак кезінде АКТ  пайдаланып отырдым,  осы кезде өз  бетінше  тапсырма орындап  келуге  құлшыныс білдірген  оқушыларымда  бой  көтерді. Постермен  жұмыс  жасау  барысында шығармашылық  қабілеттері   бар оқушыларым  көзге түсіп, шыңдала  түсті. Диалогқа  түсу  барысында сыни  тұрғыдан  ойлана отырып жауап  беру  барысында  сөздік  қорлары да  толыса түскенің байқадым. Бағалау критерийлері арқылы өздерін, сыныптастарын  бағалай  отырып оқыту  үшін өздерінің білім  деңгейлерін  қаншалықты  екендігін әр  сабақтың  соңында оқушылар біліп  отырды. Осы  жұмыстардың орындалу  барысында дарынды және  талантты оқушылар  көзге  түсіп  көшбасшылық  таныта  бастады.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 1.26 Mb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 88

Похожие материалы