Урок по казахскому языку на тему "Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі."
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Курманбаева Шолпан Аралбаевна
|
Сабақтың тақырыбы: №1 Алғы сөз. Қазақ тілінің қоғамдық мәні.Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Сабақтың мақсаты: Авторлар тарапынан берілген түсініктеменің мән-мағынасын түсіндіру
Сабақтың міндеттері: - Қазақ тілінің қоғамдағы қызметіне байланысты тапсырмалар орындату,
-жұптық және топтық жұмыстарда бірлесіп жұмыс істеуге,белсенділік танытуға жағдай жасау,
-бағалау жұмыстарын ұқыпты орындауға,өзінің білімін әділ бағалауға жетелеу,
Сабақтың нәтижесі: Оқулықтың жалпы берілген тақырыптары туралы біледі
Түйінді идеялар: Оқушылар қазақ тілі туралы түсінеді, Қазақстан Республикасының Заңдарын біледі
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық, жұптық.
Сыныбы: 9-сынып
Уақыты
Кезеңдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
Қолданыла-тын ресурстар
2 минут
Кіріспе бөлім
1.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық: Оқушыларға кеспе қағаздар ұсыну. Ол кеспе қағаздарда берілген сөздерге мақал-мәтел келтіру керек
Балалар өздерінің дайын екендерін баяндайды.
«Қара жәшік» сұрақтың дұрыс қойылуы
3 минут
5 минут
2. топқа бөлу.
Өз міндеттерін айқындау:
1.Топ лидері
2.Уақыт сақшысы
3.Бақылаушы
4.Баяндамашы
(әр тапсырмаларда рөлдер ауысып отырады)
Тақтаға парақшаларға өлең жолдарын жазып, іліп қоямын, парталарға топтарға бөлінген қағаздарға ақын есімдері жазылған болады. Өлең кімдікі болса, сол партаға барып жайғасады. Мысалы:
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «Алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын? (С. Торайғыров.)
Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр, бүгін қорқақ бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады. (М. Жұмабаев.)
Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,
Сенімен бағаланған балаң түрі.
Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,
Сенімен әлдилеген анам мені. (І. Жансүгіров.)
Сонымен, сыныпты «Сұлтанмахмұт»
«Мағжан»
«Ілияс» тобы етіп бөлемін.
Оқындарына жайғасқан соң топпен ойласып, ақындар туралы мәлімет беру үшін әр топтан бір баяндамашыны шақырамын
Оқушылар өз міндеттерін орындайды.
Тақтадағы стейкерлерге жазылған өлең үзінділерді алып, кімнің өлеңі екенін табу керек,сол партаға барып жайғасады.
балаларды формативті бағалап отырамын
Түрлі-түсті стейкерлер,
парақшалар
Түрлі парақшалар
10 минут
5 минут
Негізгі бөлім
3. Үй тапсырмасын сұрау. «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.
Табыс критерийлері:
1) Қазақ тілі туралы түсінікке ие болу
2) Қазақ тілі туралы өлеңдер оқу
3) Қазақ тілінің қоғамдық рөлі
Сұрақтар:
1) Қазақ тілі туралы не айтасың?
2) Қазақстан мемлекетінің ұлттық тілі қай тіл?
3) Қазақ тілі қашан мемлекет тілі болып белгіленді?
4) Қазақ тілі, ана тілі туралы қазақ ақын-жазушыларымыздың қандай өлеңдерінен мысал келтіре аласыңдар?.
Оқушылардың жауаптарына қарай формативті бағалап отырамын.
Жаңа сабақ.
Оқушыларға қолдарындағы телефондарынан қолдануларына рұқсат беремін. Олар қазақ тілі туралы интернет желілерінен құнды мәліметтер алып, баяндамашы айтып беру керек.
Оқушылар өткен тақырыпты тиянақтау мақсатында қойған мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
Интернет желілерінен алған мәліметтерін ортаға салып, бір-бірімен пікіралмасады.
Табыс критерийлері:
1) Қазақ тілі туралы түсінікке ие болу
2) Қазақ тілі туралы өлеңдер оқу
3) Қазақ тілінің қоғамдық рөлі
Оқулықтар,
қосымша мәліметтер
бағалау белгілері
5 минут
5минут
5 минут
Жаттығумен жұмыс
1-жаттығу
«Сұлтанмахмұт» тобына Мәтіннен ұлттық тілге тән белгілерді табу.
«Мағжан» тобына Қарамен жазылған сөздердің синонимдік қатарларын толықтырыңдар.
«Ілияс» тобына Мәтіннен тірек сөздерді тауып,олардың қандай сөздермен байланысып тұрғанын жазыңдар.
Деңгейлік тапсырмалар: 2-жаттығу
«Сұлтанмахмұт» тобына 1-мәтін, мәтіннен ауызекі сөйлеу тіліне тән белгілерді табу.
«Мағжан» тобына 2-мәтін, мәтіннен әдеби тілге тән белгілерді табу.
«Ілияс» тобына 3-мәтін, «Қай тіл көп тараған?» деген сұраққа өз ойларыңды жазыңдар.
Бағалау критерийі:
1.Идеяның тың болуы
2.Сөздерді байланыстыру шеберлігі
3.Білімділігі
4.Дыбыстық талдай білуі
Жаттығумен жұмыс (жұптық)
Тапсырманы орындау барысында оқушылар жылдамдық таныту керек, әр топтан бір оқушы шығып қорғайды
Деңгейлеріне қарап тапсырмаларын орындайды
Оқушылар жұп болып орындайды,қай жүп жылдам орындап болса, белгі береді.
Жауаптары формативті бағаланып отырады.
Бағалау критерий:
смайликтер арқылы
Бағалау критерийі:
1.Идеяның тың болуы
2.Сөздерді байланыстыру шеберлігі
3.Білімділігі
Бағалау критерий:
1.Жылдамдық
2.Ұқыптылық
3.Ойлау дәрежесінің ұшқырлығы
Парақшалар, маркерлер
Бағалау парақшалары
Бағалау парақшалары
алма кесінділері,
желім, плакат
5 минут
Қоры-тынды бөлім
Үйге тапсырма беру: 3- жаттығу. Мәтіннен көне сөздер мен жаңа сөздерді теріп жазу, морфологиялық талдау жасау.
Рефлексия.
Сәтті өткен тұстары:
Сәтсіз өткен тұстары:
Оқушылар: Нені білдім? Нені білгім келеді? Маған қызық болды кері байланысы бойынша өз ойларын ауызша білдіреді.
Оқушылардың тапсырма бойынша жауаптарының жиынтық бағалары
Түрлі-түсті стейкерлер,
«Алма» ағашының суреті
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 19.56 Kb |
Количество скачиваний: | 8 |