Урок по математике на тему "Өткенді қайталау" (1 класс)
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Жиентаева Асем Карбаевна
|
Сабақтың тақырыбы:Өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты: 1 . Қосу және азайту амалдарының өзара байланысы негізінде белгісіз сандарды табуға негізделген теңдеулерді шешу дағдыларын қалыптастыру;
2. Теңдеу шешуге дайындау,ой-өрісін,қиялын дамыту;
3. Оқу құралдары мен мектеп мүлкіне ұқыптылықпен қарауға,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрнекілік
Көрнекілігі: кестелер,цифрлары бар карточкалар,интерактивті тақта,қызыл,сары,көк жалаулар.
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі.
Математика сабағын.
Жақсылап ұғып аламыз.
Сәулесі деп сананың.
Мәнінен ой табамыз.
II. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Балалар, бүгінгі сабағымызда өткен тақырыптарды қайталап оны ішінде тоқталамыз.жасап теңдеу шығару жолдарына. (тақтада баспалдақтың суреті)
- Мынау не?
- Иә,баспалдақ.
- Балалар, бұл болашақ баспалдағы .
-Біздің еліміз алдына мақсат қойды.Болашақта бәсекеге қабілетті,дамыған 50 елдің қатарына қосылу деген. Егер біз білімді болсақ 50 елдің қатарына өз үлесімізді қосқанымыз болар еді.Қазір біз топқа бөлініп, "Болашақ баспалдағымен" көтеріліп , "білім шыңына шығып" әр топ өз туын тігеді.
Топқа бөлу:- 1 топ- қызыл жалау.
2 топ- сары жалау.
3 топ- көк жалау.
Білім шыңына бірінші болып келген топ жұлдызшаны алады, ол үшін тапсырмаларды орындауымыз қажет.
I- тапсырма: Жорға ойыны (ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру)
1 минут ішінде 15 қосу ,азайту амалдарына арналыған өрнектер жазылған.Дұрыс жауапты топтың тез әрі дұрыс есептеген оқушысы айтады. Дұрыс жауабына 1 ұпай.
II- тапсырма: Қызықты жетілік (өткен тақырыптарға ауызша сұрақтар)
- Өздерің таңдап алған ұяшықтағы сұраққа жауап бересіңдер.10 ұпай алғыларың келсе - ол жеңіл сұрақ,20 ұпай - орташа сұрақ, 30 ұпай - күрделі сұрақ. Барлығы 9 сұрақ. Іске сәт!
1.10. Геометриялық фигураларды ата.
2.10. Теңдік деген не? Мысал келтір.
3.10. Теңсіздікке мысал келтір.
4.20. 10+30 өрнегінің мәні, кері амал айт.
5.20. Салыстыру таңбаларын атап бер.
6.20. Қосу мен азайтудың компоненттерін ата.
7.30. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін айт.
8.30. Теңдеу дегеніміз не?
9.30. Ондықтармен сана.
III Жеті жұрттың тілін біл (логикалық есептер)
3 топқа кезекпен логикалық есеп оқылады. Жауабын қазақша,орысша,ағылшынша айту керек. Егер 3 тілде дұрыс жауап берілсе 30 ұпай жинайсыңдар.
1 топ: Айгүл тығылып қалған достарын іздеді. Ол шымылдықтың артынан 6 аяқ көрді. Сол жерде неше досы тығылған?
(бес-пять-five)
2 топ: Анарға анасы 4 кітап сыйлады, 2- уінен басқасын ол оқып шықты.Әлі неше кітап оқу керек?
(екі-два- two)
3 топ: Өсіп тұрған ағашқа 2 торғай және 3 көбелек ұшып келіп қонды.
Барлығы неше құс қонды?
(екі-два- two)
IV Сергіту сәті.
V Дода. Деңгейлік тапсырмалар орындайды.
1 деңгей. Өрнектердің мәнін табу :
9-2 3+4 80-40
8-5 5-3 50+20
10-4 3+7 60-50
2 деңгей. Жасырын санды қой:
8+ =10 90- =20
100- =10 6+ = 9
3 деңгей. Теңдеулерді шеш:
у+6=8 90-в=20 x+10=80
VI Қорытындылау: - Сабақ ұнады ма?
- Қай тапсырма қиындық тудырды?
VII Бағалау.
VIII Үйге тапсырма.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 15.91 Kb |
Количество скачиваний: | 6 |