Урок по теме "Любимый урок"

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:

Қазақ тілі

Сынып: 4

Сабақтың тақырыбы: Сүйікті сабақ

Cабақтың мақсаты:

1. Балаларды жаңа тақырып арқылы сөйлем құрастыра білуге, жаңа сөздермен танысу, «Сүйікті сабақ» сұхбат жүргізу білу, грамматикалық тақырыптарды қатыстырып, жаттығу жасай білу.

2. Балалардың тіл мәдениетін жетілдіру, сөздік қорын байыту.

3. Балаларды сыпайы, әдепті болуға, қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін және болашақ мамандығын таңдауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: мәтіндер, карточкалар, интерактивті тақта, суреттер,

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, қайталау, аудару, сөйлесу, ойландыру, іздендіру,

Сабақтың түрі: аралас сабағы

Пәнаралық байланыс: барлық пәндер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Оқушыларды түгендеу.

Балалардың көңіл-күйін сұрау. Бір-бір сөз айтып отыру.

Кезекшімен сөйлесу.

-Сыныпта кім кезекші? -Сыныпта кім жоқ?

Бүгін ауа-райы қандай?

Неше градус?

Қазір қандай ай?

Қараша қай мезгілдің соңғы айы?

Бүгін қарашаның нешесі?

-Дұрыс, рахмет. Ал енді балалар, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту үшін дыбыстарды қайталаймыз.

Ә Ө Ү Ұ І Қ Ң Ғ Һ

Мұғалім – сынып, оқушы – сынып, оқушы – оқушы

Балалар, бүгін сабақта біз не істейміз деп ойлайсыңдар?

Оқушыларды алдына проблемалық сұрақ қою, оқушылар өз ойларын айтады.

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты - сөздермен жұмыс істеу, сұрақтарға жауап беру, топта мәтінмен жұмыс істей білу, сұхбат жүргізе білу.

2. Үй жұмысын тексеру – сөздерді қайталау, мәтінді жатқа айту. Үй жұмысын тест арқылы тексереміз.

1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді?

А) 3 Ә) 4 Б) 5

2. Тілдің қатысына қарай қандай болады?

А) ашық, қысаң Ә) еріндік, езулік Б) жуан, жіңішке

3.Еріннің қатысына қарай қандай болады?

А) еріндік, езулік Ә) ашық, қысаң Б) жуан, жіңішке

4.«Тақырып» сөзінің аудармасын жаз

А) предмет Ә) тема Б) четверть

5.Сөйлемнің дұрыс баламасын тап.

А) Өтті сабақ қызықты Ә) Сабақ қызықты өтті Б) Қызықты өтті сабақ

6.Жақтың қатысына қарай қандай болады?

А) ашық, қысаң Ә) еріндік, езулік Б) жуан, жіңішке

7.Жуан сөзді анықта.

А) пән Ә) тоқсан Б) күн

8.Қандай сабақта есеп шығарасыңдар?

А) сурет Ә) қазақ тілі Б) математика

9. Ән сабағында не істейсіңдер?

А) есеп шығарамыз Ә) ән айтамыз Б) талдаймыз

10.Сурет дәптері қандай сабаққа керек?

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 281.2 Kb
Количество скачиваний: 26
Просмотров: 121

Похожие материалы