Урок по теме "В магазине"
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Казбекова Назгул Тулемисовна
|
Сынып: 3
Сабақтың тақырыбы: Дүкенде
Cабақтың мақсаты:
1. Балаларды жаңа тақырып арқылы сөйлем құрастыра білуге, жаңа сөздермен танысу, «Дүкенде» сұхбат жүргізу білу, грамматикалық тақырыптарды қатыстырып, жаттығу жасай білу.
2. Балалардың тіл мәдениетін жетілдіру, сөздік қорын байыту.
3. Балаларды сыпайы, әдепті болуға, азық-түлікке ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: мәтіндер, карточкалар, интерактивті тақта, суреттер, муляждар
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, қайталау, аудару, сөйлесу
Сабақтың түрі: аралас сабағы
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу. Оқушыларды түгендеу.
Балалардың көңіл-күйін сұрау. Бір-бір сөз айтып отыру.
Кезекшімен сөйлесу.
-Сыныпта кім кезекші? -Сыныпта кім жоқ?
Бүгін ауа-райы қандай?
Неше градус?
Қазір қандай ай?
Ақпан қай мезгілдің соңғы айы?
Бүгін ақпанның нешесі?
-Дұрыс, рахмет. Ал енді балалар, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту үшін дыбыстарды қайталаймыз.
Ә Ө Ү Ұ І Қ Ң Ғ Һ
Мұғалім – сынып, оқушы – сынып, оқушы – оқушы
Балалар, бүгін сабақта біз не істейміз деп ойлайсыңдар?
Оқушыларды алдына проблемалық сұрақ қою, оқушылар өз ойларын айтады.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты - сөздермен жұмыс істеу, сұрақтарға жауап беру, топта мәтінмен жұмыс істей білу, сұхбат жүргізе білу.
2. Үй жұмысын тексеру – сөздерді қайталау, ережелер бойынша жаттығуларды орындау.
Сүт .... қант, қаймақ .... нан, құрт .... шұбат, дүкен .... көше, адам .... бала, айран ... ірімшік.
Молоко и хлеб, магазин и продукты, продукты и фрукты, овощи и яблоко
Тексеру, бағалау.
3.Жаңа тақырып
Балалар, біздің сабағымыздың тақырыбы белгісіз. Оны ашу үшін мынау кестеге көңіл аударамыз.
ДКНД
Дұрыс, сабағымыздың тақырыбы «Дүкенде»
Сабақтығ тақырыбы бойынша жұмыс жасаймыз.
1.бұл сөзде неше буын, қандай?
2.Бұл сөз жуан ба, жіңішке ме?
3. «Дүкен» деген сөзге көптік жалғау жалға.
4.Осы сөзбен Синквейн жасандар. 2-3 оқушыны сұрау.
Балалар, сабақтың соңында:
Қандай дүкендер бар?
Дүкендеадам қандай болу керек?
Азық-түлік дүкенінде нелер сатылады?
Жаңа тақырыпты меңгеру үшін жаңа сөздермен танысамыз.
Дайындады, әзірледі - приготовил ( –а)
Мәні – значение
Жаңғақ – орех
Ащы – горький
Жасады – сделала
Сыпайы, әдепті – вежливый
Сізге – вам
Сатушы – продавец
Сатып алушы - покупатель
М - с, о – с
1.Жіңішке сөзді тауып ал
2.Бітеу буынды сөзді жаз
3.Ұяң дауыссыз сөзге басталатын сөз
4.сөз тіркес құрандар.
5. Сөйлем құрандар.
Жақсы енді кішкене дем аламыз.
Сергіту сәті - «Мен бір сөз ойлап тұрмын»
Балалар, жаңа тақырыпты өту үшін азық-түлікке нелер жататынын көрсетесіңдер. Оқушы тақтаға шығып сурет бойынша азық-түлік қатысты сөздерді көрсету.
Ол сөздерді дауыстап қайталаймыз.
Енді жаңа сөздер арқылы мәтінмен жұмыс істейміз. Мәтінмен жұмыс істеу үшін үш топқа бөлінеміз.
Мұғалім балаларға үш түрлі кәмпиттерді ұсынады. Олар таңдайды. Әр топ өз қатарына отырады. Әр топқа әртүрлі тапсырмалар беріледі.
Бұл тапсырма арқылы мәтіннің лексикалық және грамматикалық мағынасын ашамыз.
ТОППЕН ЖҰМЫС
І топ
1.Мәтінмен жұмыс
Әжем мен Бота дүкенге барды. Олар нан, май, қант, шай, торт сатып алды.
Мәтінді оқу, аудару.
Сұрақтарға жауап беру
Әже мен Бота қайда барды?
Олар не сатып алды?
Тапсырма
1.Жуан сөздерді тауып ал
2.Жіңішке сөздерді тауып ал
3.«Торт, дүкен, әже» сөздеріне көптік жалғау жалға.
4. «Нан» сөзін тәуелде.
5. Көптік жалғауы бар сөздерді тауып ал.
ІІ топ
Атам базардан алма, алмұрт, пияз, қияр, қызанақ сатып әкелді. Әжем салат жасады.
Мәтінді оқу, аудару.
Сұрақтарға жауап беру
Атам базардан не сатып алды? Әжем не жасады?
Тапсырма
1.Жуан сөздерді жаз
2.Жіңішке сөздерді жаз
3. «Ата, базар, салат» сөздеріне көптік жалғауын жаз.
4. «Алмұрт» сөзін тәуелде.
5. «Қияр, қызанақ» сөздеріне иелік формаға айналдыр.
ІІІ топ
Шешем бізге тамақ дайындады. Тамақ дәмді болды.
Мәтінді оқу, аудару.
Сұрақтарға жауап беру.
Шешем бізге не дайындады?
Тамақ қандай болды?
Тапсырма
1.Жуан сөздерді жаз.
2.Жіңішке сөздерді жаз.
3. «Шеше, біз, тамақ» сөздеріне көптік жалғау жаз.
4. «Тамақ» сөзін тәуелде.
5. «Шешем, тамақ, дәмді, болды» сөздерін буынға бөл, түрін анықта.
Осы тапсырмаға 15 минут беріледі.
Сергіту сәті. «Әр қадамға бір сөз»
Топпен жұмыстан кейін әрбір топтан бір оқушы мәтінді айтып беру керек , сұрақтарға жауап бере білу.
Бағалау. Оқушылар бағалау парағына бағаларын қояды.
№
Оқушының аты-жөні
Үй жұмысын тексеру
Жаңа сөздермен жұмыс
Топпен жұмыс
Сұхбат жүргізу
1
2
3
4
5
6
Балалар, дүкенге барғанда қандай сөздерді айту керек?
Қазір 4-5 минутта «Дүкенде» деген сұхбат дайындандар. Оқушыларға муляждарды дайындау керек. Әр топтан оқушыларды тыңдау.
Келесі ойын «Адасқан сөздер». Әр топқа тапсырма беру
І топ
Қарбыз, алма, жедім, мен.
Мен жақсы көремін сүт.
ІІ топ
Сәбіз, қияр, сен, ектің.
Жинады, ол, үйді
ІІІ топ
Жаңғақ, сатып алды, ол.
Дәмді, жедім, алма.
Бағалау парағына бұл тапсырманы бағалайды.
Тербелеп ағаштар
Жел алдымен соғады.
Кіп-кішкентай балалар
Үп-үлкен боп өседі.
4.Үй жұмысын беру – сөздерді жаттау
6.Қорытынды:
Сабақтың қорытындысын шығару.
Дүкенде деген сөзіне ассоциация жазу.
Қандай тақырыппен таныстық?
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріндер.
7.Бағалау. Бүгін сабақта «өте жақсы» жұмыс істегендер....
Сабақтың соңында тақтадағы ағашқа жапырақтарды ілу керек. Онда өз тілектерін жазу керек.
Бағаларын күнделікке қою. Сабақ аяқталды. Сау болындар
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 56 Kb |
Количество скачиваний: | 9 |