Здесь была ссылка на работу Урок «Өсімдіктің тіршілігі» автора Садикова Алия Ибрагимовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Пәні: Дүниетану Сыныбы: 2 «Ә» Күні: Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі. «Өсімдіктің тіршілігі» бөлімін қайталай отырып, оқушылардың біліктерін арттыру. Алған білімдерін бекіту. 2. Дамытушылығы. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, дүниетенымын кеңейту. Топ алдында еркін сөйлеу, өз ойларын қорытындылап, жүйелі айта білуге баулу. 3. Тәрбиелігі. Өсімдіктер әлеміне деген оқушылардың сүйіспеншіліктерін ояту, оларды қорғай білуге баули отырып, экологиялық тәрбие беру. Сабақтың түрі: аралас Сабақтың типі: қайталау Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, ойын, топтастыру Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, интерактивті тақта, нақыл сөздер, ребус, тест Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сыныпқа қонақтар келгенін ескеру. Сәлемдесу: Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Сәлем бердік сіздерге, Құрметпенен біз! 2. Психологиялық дайындық жүргізу. - Бүгін біздің дүниетену сабағымыз қандай болсын деп ойлайсыңдар? (көңілді, сәтті, жақсы бағалар алайық, әдепті болайық) - Олай болса келісім шартқа тұрайық. Сабағымыз сәтті өтсін десеңдер біз бір-бірімізді сыйлауымыз керек. Бір-бірлерімізді тыңдап отыруымыз керек. - Тыныштық сақтайық. Келістік пе? 3.Оқушылардың ұранымен таныстыру. Ұқыпты ұтар, Іздеген табар, Оқыған озар! 4. Сыныпты үш топқа бөлу. Әр топқа ат қою үшін тапсырма беріледі. Есептеулер жүргізіп, әр топ өз атын шығарады. 1 топ – «Ағаштар» 2 топ – «Бұтақтар» 3 топ – «Шөптер» ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Өсімдіктердің көбеюі» тақырыбы Үй тапсырмасы мына жоспар бойынша тексеріледі: 1 – топ: Көбеюдің тірі табиғатқа тән қасиет екенін дәлелдеу. 2 – топ: Өсімдіктің көбею жолдары. 3 – топ: Өсімдіктің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.