Здесь была ссылка на работу Урок (Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны) автора Яки Бирлан Якиұлы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: «Ойлан да, тап» тоғызқұмалақ ойыны. Сабақтың мақсаты: Оқушылар арасында тоғызқұмалақ ойынын насихаттау. Сабақтың міндеті: Оқушыларға тоғызқұмалақ ойынын үйрету. Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру және өз елін сүюге тәрбиелеу. Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақтың өтетін орыны: Спорт зал Керекті құрал-жабдықтар: Тоғызқұмалақ тақтасы. Сабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту. Сыныптардың ішінен іріктелген оқушыларды топқа бөлу. Кіріспе: Мұғалімнің сөзі.“Қазақ халқының ескі мұрасының бірі – Тоғызқұмалақ ойыны. “Тоғызқұмалақтың орны бөлек. Бұл ойын адамды тапқырлыққа үйретеді. Миды шыңдайды”. Мұның қашаннан келе жатқаны жөнінде анық мәлімет жоқ. Тоғызқұмалақ ойыны бүкіл Орта Азияда, әсіресе қазақ пен қырғыз халықтарының арасында көп ұшырайды. Бұл ойын қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның миы істеп, есепшілігі тез артып, тапқыштық жағы күшеймек”. 1-оқушы: “Тоғызқұмалақ ойыны шахмат, дойбы ойындары сияқты тапқырлықты, мол фантазияны талап етеді. Алайда бұл ойынның есебі ерекше, өзіне ұқсас ойындарға қарағанда анағұрлым күрделірек. Оның басты себебі – тоғызқұмалақ ойынын немесе оның кейбір жеке позицияларын тақтаға қарамай, абстракты түрде ойлау аса қиын» 2-оқушы: «Терең ойды талап ететін, ойнасаң қызығына тоймайтын халық даналығы қалдырған ойындардың бірі тоғызқұмалақ. Тоғызқұмалақ ойыны қай кезде, қалай қалыптасқаны жөнінде нақтылы тарихи деректер әзірше аз. Ал негізінде көшпенді қазақ халқының арасында дамығанын Қазақстан жерінде жартастардың, болмаса төбенің үстіндегі тегіс тас бетіне ойып салынған тоғызқұмалақ ойынының тақталары біздің осы ойымызды дәлелдей түседі. 3-оқушы: «Спорттың да өнер ретінде таңдап алар түрі көп. Бір түрі – бұл күштің толысуына әкелсе, екінші – жылдамдыққа, үшіншісі – табандылыққа бастайды. Ал төртінші бір спорт түрі жас адамды ойлылыққа, күрделі бір істің күрмеу жібін тез шешуге дағдыландырады. Мұндай спорт түрлерінің қатарына шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ сынды спорт түрлері жатады. 4-оқушы: »Қазақ халқы атам заманнан бері спортқа әуес болған. Атқа шабу, көкпар тарту, ит жүгіртіп құс аулау секілді небір сайыстарға түскен. Соның ішінде адам санасын шынықтыратын ой спортынан да құр алақан болмаған. Адамдарды тәрбиелеу, олардың ой санасын шынықтыру, жетілдіру жолындағы қызық ой спорты түрлерінің бірі – қазақтың тоғызқұмалағы». - Қазір сендермен тоғызқұмалақ ойынын ойнаймыз. Ойынымыз сайыс түрінде өтетіндіктен әділ баға беретін әділ – қазылар алқасын сайлап алайық. (әділ – қазылар алқасын сайлау) Ол үшін сендер ойынның ережесін білулерің керек- деп, ойын ережесімен таныстырамын . Ойын ережесі: Тоғызқұмалақты ережеге сай төрешінің белгілеген уақытымен бастап, тоғызқұмалақ тақтасында ойыншылар ойнай бастайды. Бірінші жүрісті жеребе бойынша анықталған ойыншы бастайды. Алғашқы жүрісті ойыншы, таңдық пен маңдайдан жүргенін хабарлайды. Алғашқы жүрісті тек тоғызыншы отаудан ғана емес, басқа кез-келген отаудың бірінен жүре беруіне болады. Оқушыларды сапқа тұрғызып тоғызқұмалақ ережежелерімен таныстыру. Ойын барысында ойыншылардың ешқайсысына рұқсатсыз тасқа қол тигізуге болмайды. Егер ойыншылардың біреуі тасқа қолын, санап жатырған болып тигізсе, онда қарсыласына түсіндіруі тиіс. Егер тасқа қолын рұқсатсыз тигізсе, онда ойынды сол ұяшықтан бастауы керек. Партияны түсіндіру барысында ойыншы қарсыласының ұяшығында қанша тас бар екендігі туралы сұрауына болады. Жеңіске жету үшін 81 тас жинауы керек.Ойында тең есептің болуы сирек кездесетін жағдай. Ол екі ойыншы да бірдей «тұздық» алған жағдайда болуы мүмкін. Ойын тәртібі бойынша жеңімпаз 1ұпай алады, ал тең есепке 0,5 ұпай беріледі, -деп сайысқа қатысушыларға ойын ережесін түсіндіре отырып, ойынды бастаймын. Сабақты қорытындылау. Сөзді әділ- қазылар алқасына берейік.