Утренник: НАУРЫЗ
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
КАБЫЛОВА Аманкуль Калиевна
|
Наурыз тойы – дәстүрлі мереке
(Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағаты) Мектепалды даярлық сыныбы тәрбиешісі: Чинибекова Г.Қ.
Наурыз тойы – дәстүрлі мереке
Мақсаты:
Балалардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлей білуге, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін түсінуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Ұлттық заттар, киім үлгілерімен безендірілген сынып бөлмесі, нақыл сөздер, балалар салған суреттер.
Ұйымдастыру: Қонақтарды төрге шығару, ата-аналарды қарсы алу .
Барысы: Мұғалім сөзі – Наурыз қазақтың шын мағынасында ұлттық мейрамы , наурыздың 22-інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді, тіршілік басталады. Ал тіршілік арқауы –тамақ. Міне, соған орай жасалған тамақ «наурыз көже» .Малының қыстан аман шығуы,, өсіп-өніп төлдеуі, барлығын жыл басы – наурызға санаған. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам НАУРЫЗ - жаңа жыл болып саналған.
- Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса
Сонда ол жыл жол болар.
Үлкеннен ұлағат, кішіге аманат. Ортаға:
Қызыр баба:
Ау, аман ба жарандар!
Алтын таңға қараңдар
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Күннің жаңа нұры бар
Мұның ғажап сыры бар
Халық сүйген мейрам – бұл!
Қарсы алайық тұрыңдар.
(барлығы игі ниетпен қол шапалақтап күнді қарсы алады)
КҮН: (қыздармен бірге билеп тұрып әнін айтады)
Сәлем ата-аналар!
Айналайын балалар!
Қызыр баба аман ба?
Жаса жайлы заманда
Уақыт үдеп келдім мен
Бақыт тілеп адамға! (алыстан наурыз келеді деген сөздер естіледі)
Наурыз:
Сәлем, анам алтын күн!
Сәлем, қарты халқымның
Уақытыма риза бол,
Бақытыма шалқыдым.
Ән: «Наурызым»
Жиренше:
Той әкелген қаламға,
Күн мен Наурыз аман ба?
Бас иеді бабамыз
Бас иемін саған да.
(жұртқа қарап)
Барша жұртым аман ба?
Күн: мың жаса Жиренше!
Қожанасыр:
Амансың ба, Күн ана,
Алаулай бер құлама
Қызыр баба, Жиренше
Сәлем берем қуана.
Әйгілі Қожанасырмын
Әділетке бас ұрдым
Күн:( Қожанасыр, мың жаса)
Алдар:
Сәлем ай мен күніміз!
Мейман парқын біліңіз
Наурызымызды бастаймыз,
Қуанышты үніміз.
Айналайын ағайын,
Амандасып сіздермен
Қолдарыңызды алайын.( қос қолдап амандасып шығады)
Тазша бала:
Күн мен Айға әлемнің
Берем ыстық сәлемін!
Тазша бала мен болам
Елінің қамын ойлаған.
Орындалсын ойларың ,
Құтты болсын тойларың!
1-бала
Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр аңыз
Қызып дулы мереке,
Қызық думан құрамыз.
2-бала
Күн әкелген жыр керім,
Күллі дүние жайдары.
Желкілдетіп гүлдерін,
Жер анамыз жайнады.
3-бала
Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас кәріміз,
Би билейміз бәріміз.
4-бала
Наурыз келіп жаз кірді,
Жас хабаршы әз кірді.
Күнге тосып арқасын,
Жан біткенге наз кірді.
5-бала
Ұлыс күні қар еріп,
Сай-салалар гүрілдер.
Көк шөп шығып желкілдеп
Дүние біткен күлімдер.
6-бала
Ұлыс күні кәрі-жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып көріскен.
Сақтай көр деп терістен,
Шалдар бата беріскен.
Қарт ата( ата-аналардан)
Сұрасаң міне бата,
Дарысын Қызыр ата.
Қызырың қияласын,
Бақ-дәулет ұяласын.
Ел қорғаны батыр бол!
Ел жырауы ақын бол!
Өркенді бол, ойлы бол
Өз құрбыңның алды бол!
Әженің әуені: ( ата-аналардан)
Ау, аталар, аналар
Айналайын балалар.
Жеп-ішсін деп тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып.
Наурыз көже пісірдім.
Бал көжеден татыңдар
Бар қызыққа батыңдар.
Көжеге жас-кәріңді,
Шақырамын бәріңді.
Ән: «Дастархан»
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 32.36 Kb |
Количество скачиваний: | 10 |