Қуыршаққа арналған ыдыстар. кесе,қасық,тәрелке

Предмет: Технология
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Алюминий ыдыс-аяқтарды ұнтақтармен және металл қылшақтармен (щеткалармен) тазалауға болмайды.Қышқыл мен сілтіден пайда болған қоңыр дақтарды асханалық сірке суына батырылып алынған мақтамен ұқыпты түрде сүртіл, содан кейін ыстық сумен жуады.Темір ыдыстар эмаль, мырыш және қалайы жалатылған түрде шығарылады.Эмальды ыдыстар органикалық қышқыл, тұз, сабын және басқа сілтілерге төзімді келеді. Мұндай ыдыстар оңай таз ал ан ады, онда тек тамақ пісіріп қана қоймай, тамақты ұзақ уақыт сақтауға да болады. Қою тамақтарды, әсіресе ботқа пісірмеген жөн, өйткені ыдыстың түбі күйіп, амалы бұзылады. Эмальданған ыдыстар мен құрал-жабдықтарды алюминий ыдыстарды тазалайтын заттармен тазалауға болады.Никельденген мельхиор және нейзильбер ыдыстарды жиі пайдаланғанда 7 —10 күнде бір рет сабынды суға 10%-тік мүсәтір спиртін (1 л суға 1 шай қасық) қосып жуып тұру керек. Ылғалдан түскен дақты жылы сірке суымен жуып, содан кейін таза сумен шайып кетіруге болады.Мельхиор бұйымдарды сабын мен таза бордың (тең мөлшерде) қоспасын пайдаланып жылтыратуға болады. Жылы суға сабынды езіп, оған бор қосып бірыңғай қоймалжың болғанша араластырады. Осы қоймалжынды ыдысқа жағып, құрғақ шүберекпен сүрте отырып жалтыратады.Никельденген мельхиор және нейзильбер ыдыстарды жез ыдыстар сияқты тазал айды.Шыны ыдыстарды қылшақпен (щетка), шүберекпіен не жөкемен жуу керек. Құм немесе сым жөкемен ысуға болмайды. Мойны жіңішке шыны ыдыстарды (шөлмек, графин) арнаулы щеткалармен жуады. Мұндай ыдыстардың ішіне жұмыртқаның, картоптың қабығын, ұсақтан жыртылған қағаз салып, үстіне толтыра су құйын жақсылан шайқап-шайқап жуып, шымшым сумен шаяды.Хрусталь ыдыстарды ыстық сумен жууға болмайды. Өйткені жалтырауы күңгірт тартады. Мұндай ыдыстар жылы сумен тіпті салқын сумен де жақсы жуылады.Өте кірленген пластмасса ыдыстарды ұнтақпен, пастамен тазалаудың әдістері: ылғал шүберекке не щеткаға порошок не пастаны шамалап салып, алдын-ала ылғалданған жерге (тазаланатын) жағын, ысқылап сүртіл, жақсылап жуады. Сұйық препаратпен жуу үшін шүберекті не губканы сол сұйықтыққа малып алып, содан кейін жуатын ыдыстың бетіне жағады да, 15—20 минут қалдырады. Осыдан кейін сумен жақсылап жуу керек.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 1.29 Mb
Количество скачиваний: 59
Просмотров: 220

Похожие материалы