Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу 7 сынып

Предмет: Информатика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу     

                                          бойынша программалары

Сабақтың мақсат:

           Білімділік: Оқушылардың Паскаль тілінінің графиктік режимімен     

                                таныстыру және графикалық объектілердің экранда орналасу  

                                ережесін ұғындыру.

          Дамытушылық: Оқушылардың программалау  тәсілдері мен әдістерін  

                                         қолдану қабілеттерін дамыту.

          Тәрбиелік: Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар:  компьютер

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

ІІҮй тапсырмасы

1. Паскаль тілінде қанша циклдік операторлар бар?

2. Параметрлі цикл операторы дегеніміз не?

3. Алдын ала шарт тексеретін цикл дегеніміз не?

4. Қабатталған цикл дегеніміз не?

5. Таңдау операторы дегеніміз не?

ІІІ Жаңа сабақ

Қазіргі компьютерлерде символдардан бөлек әр түрлі суреттер, графиктер салуға болады. Ол үшін Паскаль тілінде әр түрлі графикалық процедуралар пайдаланылады. Графикалық процедуралар мен функциялар GRAPH модулінде орналастырылған. Оларды пайдалану үшін сипаттау бөлігінде

USES GRAPH;

түйінді сөзін пайдалану керек.

Графиктермен жұмыс істеу алдында оған сәйкес келетін монитор режимін орнату керек. Паскальда алдын ала бекітілген драйверлер саны бар, олардың әрқайсысы үш түрлі режимнің бірінде жұмыс істей алады. Драйверлер типі мен оның режимі санмен немесе тұрақты түрінде беріледі. 

GRAPH модулі іске қосылысымен, оның ішіндегі процедуралар мен функцияларды пайдалана беруге болады.

Графикалық режимді алғашқы рет іске қосу үшін InitGraph процедурасы қолданылдаы, оның жазылуы:

InitGraph (DriverVar, ModeVar:integer, Gol:string);

Мұндағы DriverVar – графикалық адаптердің типі; ModeVar – оның жұмыс режимі; Gol – GRAPH модулінің маршрутын көрсетеді.

Программаның бас жағына мынадай жолдар жазааламыз:

Uses graph;

Var

      d, m: integer;

begin

        d:=detect;

        initgraph(d,m,’’);

ІҮ Сабақты бекіту

Тапсырмалар мен сұрақтар:

1.     Экранның мәтіндік режимінен графикалық режімге қалай көшуге болады? Графикалық экраннан қалай шығады?

2.     Экранда сызық салатын қандай процедуралар бар? Олардың ұқсастығы мен айырмашылығы?

3.     Геометриялық фигуралар сызуға арналған қандай процедуралар бар?

Тапсырма №1

Программа нәтижесінде әр түрлі стильмен сызылған 2 төртбұрыш экранда пайда болатын программа құру.

Program tortbyrish;

Uses graph;

Var  d,m:integer;

Begin

D:=detect; initgraph(d,m,’’);

Setbkcolor(1);

Rectangle(150,150,300,320);

Setfillstyle(8,6);

Floodfill(160,200,15);

Setfillstyle(1,3);

Bar(350,150,500,320);

Readln;

Closegraph;

End.

Үйге тапсырма: Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу     

                              бойынша программалары

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.88 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 211

Похожие материалы