Викторина по теме "Рыбы"

Предмет: Биология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

                      "Қызықты ихтиология"

1.Ихтиология дегеніміз не? Осы ғылымның дамуына үлес қосқан ғалым?

2. «Линь, окунь, гуппи, горбуша» деп  орыс халқы  балықтарды осылай неге атаған?

3.Балықтардың қабыршақтары- «паспорт»  және медициналық кітапша. Неге?

4.Балықтардың тіршілігінде сыртқа  бөлінетін шырыштың маңызы?

5.Қармаққа ұсталған алабұғаның көзі неге алайған болады?

6.Неге аквариумға құдық суын немесе краннан ағызылған суды құюға болмайды?

7.А.Беляевтің «Адам-амфибия» фантастикалық романында  хирург Ихтиандрға жас акуланың желбезектерін салып берді. Негізінде Ихтиандр желбезек арқылы судың астында тыныс алды ма? Неге?

8.Барлық балықтар суыққанды ма?

9.Балықтардың барлығында тістері бар ма? Олар қайда орналасқан?

10.Кейбір балықтар өздерінің шабақтарын жеп қояды. Осы құбылыс қалай аталады? Оның биологиялық маңызы қандай?

11.Краб таяқшалары, шпрот консервлері-гастрономиялық деликатестер. Оларды неден дайындайды?

12.Саусақ қанатты балық

13.Уылдырығын желкесіне іліп жүретін балық

14.Гректің ұсқынсыз деген сөзімен аталатын көне балық

15.Каспий теңізінде жаппай тіршілік ететін тұщы су балықтарының ең ірісі

16.Маса дернәсілімен қоректенетін аквариум балығы

17.Балқаш көлінің негізгі балығы

18.Сапта тұрған әскерлер тәрізді құйрығына тік тұрып жүзетін үнді мұхитының балығы

19.Ұзақ уақыт сусыз тіршілік ететін Африкалық қос тынысты балық

20.Алып балық

21. «Фугу жегін келсе, ең алдымен мұраңды біреуге жазып кет» жапондықтардың мақалы бар. Осылай неге айтылады?

22.Көлде  тұқы балықтар мен бірге үйректерді өсірген. Карп өсірушілердің рентабельділігі өсті. Неге?

23.Амазонкадағы ең қауіпті балық. Неге?

24.Индеецтердің  бүкіл ауылмен  аулайтын қандай балық?

25.Шортан-215 000, палтус-3 500 000, колюшка-180 уылдырық салады. Балықтардың уылдырық шашуы неге әр түрлі?

 

Жауаптары:

1.Омыртқалы зоологияның  бөлімі, ихтиология балықтарды зерттейтін ғылым. «Ихтиология»  грекше «ихтис»-балық, «логос»-ғылым

2.Линь (қарабалық), судан алып шығарған, ауада түсін өзгертеді («түлейді»), окунь (алабұға) -көзі үлкен. Ескіше атынан «око»-көз, ағылшын ботанигі Гуппи тропикалық елдерде саяхаттанып жүргенде осы балықты Еуропаға әкелген.  Балыққа  осы ғалымның атын  «гуппи» деп қойған. Горбушада  көбеюі алдында бүкір пайда болады, сондықтан осылай атаған.

3.Балықтардың қабыршақтарында жылдық сақиналар болады, оларды микроскоппен көруге болады. Жылдық сақинаның құрамында екі қабат көруге болады: жазғы-жалпақ, ақшыл; қысқы-күнгірт және жіңішке, тар.

4.Тері бездері арқылы бөлінетін шырыш,  организмнен тұздардың шайылуынан қорғайды, су және балықтың арасындағы үйкелісті азайтады, денесін  микроорганизмдердің кіруінен сақтайды

5.Балық көзінің алайюы,  ішкі қысымның сыртқыдан артуынан болады

6.Суқұбырғы станцияның суын дезинфекциялайды. Артық хлор өсімдіктерге және балықтарға зиян келтіреді. Алдымен суды бірнеше күн шыны ыдыстарда тұндыру керек, артық хлор ауға ұшып кетеді. Құдық суын құюға болмайды, өйткені судың құрамында ізбесі көп.

7.Жоқ, балықтар суды жұтып, желбезектерінен өткізеді. Су желбезекпен шайылып, сыртқа желбезек қақпағынан бөлінеді. Желбезектегі  ұсақ капилляр арқылы газ алмасу өтеді. Ихтиандрда осындай құрылыс болған жоқ.

8.Жоқ, барлығы емес. Мысалы, тунец денесінің температурасы тез қимылдағанда  8-10° көтеріледі.Оның қантамырлары омыртқа бойымен өтпейді, керісінше терінің астынан өтеді.

9.Көпшілік балықтардың тістері бар, албырттәрізді балықтардың тістері жоқ (дернәсілдері тісті болады)

10.Каннибализм құбылысы. Түрішілік қарым-қатынасты  каннибализм арқылы популяциядағы даралар санын реттейді. Оның пайда болуы: тамақ жетпегенде, немесе даралар саны тым көп болғанда .

11. Құрамында көп ақуызы бар таяқшалар-табиғи өнім.Дәмдеуш ароматизаторларды  қосып минтайдан таяқшаларды дайындайды. Таяқшаларды дәмі, түсі таңқышаянның етіне ұқсас. Алғашқыда шпротты балтикалық килькадан дайындаған. Ақырғы кезде басқа ұсақ балықтардан (салака, каспий килькасынан) дайындайтын болды

12.Латимерия 13.Куртус 14.Химера 15.Қортпа  16.Лялиус 17.Алабұға

 

 

 

Эолискус  19.Протоптерус  20.Акула

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 1.94 Mb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 136

Похожие материалы