Внеклассного мероприятия "Заңды білу-заман талабы"

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Мақсаты: а) Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық  қабілеттілігін қалыптастыру.

                  ә) Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.

                  б) Оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Ата Заң, тәртіп туралы нақыл сөздер, Қазақстан Республикасының бала  құқықтары туралы Заңы, интерактивті тақта.  

 

Армысыздар қадірменді ұстаздар, оқушылар!

ҚР шынайы егемендікке ие болып отырған қазіргі таңда қоғамымызды одан әрі демократияландыру, құқықтық мемлекет  құру бағытында халықтың барлық топтарына, ең алдымен, оқушы жастарға құқықтық тәрбие беру ісі негізгі мәселе болып отыр. Әр мемлекеттің өзінің заңы болады. Елбасы Н.Назарбаев  ҚР құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралар туралы (21- маусым, 1995 жылы №2347) қаулысын жариялады. Елбасы «Заңды білу –заман талабы» екендігін атап көрсетті.

         Жасөспірімдердің құқықтық мәдениет деңгейін көтеру, құқықтық түсінігін қалыптастыру саяси және адамгершілік тәрбиемен сабақтас. Жасөспірім бойына ең ізгілікті қасиеттерді-әділетті, тәртіптілікті, шындықты, адалдықты сіңіру түрлі жағдайларда дұрыс бағыт  ұстанып, сенімді де анық қадам жасауына негіз болады.

         Жас ұрпаққа  құқықтық  тәрбие беру дегеніміздің өзі – еліміздің заңдары мен тәртіп ережелерін сыйлауға  және  орындауға, еліміздің материалдық, рухани байлығын үнемді пайдалануға, оны байытуда адал еңбек етуге, жастарды айналамыздағы адамдарға қиянат жасамауға, әдептілік пен тәртіпке үйрету,  оларда  құқықтық сана мен  құқықтық мәдениет негіздерін қалау, саналы ұрпақ тәрбиелеу ісіне үлес қосу болып табылады.

Олай болса бүгінгі  құқықты білу, заңды құрметтеу мақсатында «Заңды білу –заман талабы» атты зияткерлік сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!  Ортаға  2А және 2а «Емдеу ісі» топтарының студенттерін шақырамыз.  

 

Ойынның шарты бойынша 2 топқа бөлінеміз «алғырлар» және «тапқырлар » тобы.

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.5 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 136

Похожие материалы