Внеклассный урок по геогафии на тему "Жас географтар" 7 класс

Предмет: География
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Тақырыбы: Жас географтар

Мақсаты:

Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» озып шығып «Жас географтар» атағын алатын топты анықтау. Оқушыларды тез ойлауға, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Теориялық білімдерін кез келген жерде практика жүзінде қолдана алуға үйрету.

Сабақтың түрі : Сайыс сабақ
Көрнекіліктері: Карта, тақырыптық презентация, дидактикалық үлестірмелі қима қағаздар, т. б.
Пәнаралық байланыс: әдебиет пәні

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
1. 1 Қатысатын оқушыларды таныстыру
1. 2. Әділ - қазылар алқасын сайлау.
1. 3 Сайыстың кезеңдерімен таныстыру
IІ. Марапаттау.
IІІ. Қорытынды.

Мұғалім:
- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі сайыстың қатысушылары.
- Бүгін біздің «Жас географтар » атты ойын сайысын бастаймыз.
- Бүгінгі ойын сайысқа 7- сыныптар қатысады, яғни әрбір сыныптан өз сынып беделін, сыныптың намысын қорғауға 6 оқушыдан үш топ қатысады.

  • 1-топ : «Африка» 7 « Ә» класы
  • 2-топ: «Оңтүстік Америка» 7 «Б»
  • 3-топ: «Аустралия» 7 «А»
  • Халық айтса қалт айтпайды,
    Әрқашанда нанымды,- дей келе бүгінгі сайысымызды бағалайтын және сын беретін әділ - қазылар құрамымен таныстырайық:
  • Сайыс кезеңдері : Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады:
    1. «Таныстыру» (топ аты, ұраны, төсбелгісін таныстырады)
    2. «Әліпбидегі әріпте!»
    3. «Астаналар сайыста»
    4. «Сен мені білесің бе?»
    5. «Ойлан тап!»
    6. Адасқан нысандар

Білімдіден шығады алғыр шешен,

Шешендікпен болған ғой барлық көсем.

Сайра шәкірт, суырып шарықташы,

Қалмасын бұл сайыста сенің есең.

Ал енді ойынымызды бастаймыз!

1-кезең: «Таныстыруға» кезек берейік.

1 - ші топты шақырамыз. (команда өздерін таныстырып өтеді, белгіленген орындарына отырады.).

Ортаға 2 - ші топты шақырамыз (команда өздерін таныстырып өтеді, белгіленген орындарына отырады).

Ортаға 3 - ші топты шақырамыз (команда өздерін таныстырып өтеді, белгіленген орындарына отырады).
2 – кезең:«Әліпбиді әріпте» бөлімінде Алфавиттің бірнеше әріптері беріледі. Әр топ 7 әріптен таңдап, сұрақтарына жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай;
А – Африканың солт-батысында орналасқан тау жүйесі Атлас тауы
Ә - Сахараның солтүстігінде 1933ж +58С тіркелген, бұл қай қала Әл-Азизия
Б – Тәулігіне бағытын 2 рет өзгертетін жел; Бриз
В – Оңтүстік Американың климатын зерттеген зерттеуші А.И.Воейков
Г – Оңтүстік Американың табиғатын зерттеген ; А.Гумбольдт
Д –Таньганика көлін, Виктория сарқырамасын ашқан ғалым Давид Лигингстон
Е –Әлемнің жеті кереметі «Александрия шам-шырағы» орналасқан ел Египет

Ж –Африка мен Еуропаны бөліп тұрған ішкі теңіз Жерорта теңізі
З – Экваторды 2 рет қиып өтетін өзен Заир (Конго)

И –Парана өзенінде орналасқан сарқырама Игуасу
К – Африканың ең биік нүктесі Келиманджаро жанартауы 5895м

Қ – А.Веспучи екінші 1501жылы саяхатында Оңтүстік Америкада ашқан өзен қалай аталады? Қаңтар өзені

Л – Оңтүстік Американың оңтүстік –шығысында орналасқан жазық Ла-Плата жазығы
М – Африка жағалауындағы ең ірі арал Мадагаскар

Н – Дүниежүзіндегі ең ірі өзен Ніл өзені
О –Гвинея таулы үстіртінің солтүстігінде орналасқан өзен Ориноко
П – Титикака көлінің оңтүстігінде ыстыққа кеуір қалатын көл Поопо
С – Африкадағы ең үлкен түбек Сомали
Т –Анд тау жүйесіндегі ең үлкен көл Титикака

У –Африкада кеуіп қалған арналар қалай аталады Уәдтер

Ү- Оңтүстік Американың байырғы халқы- Үндістер
Ұ – Қызыл теңізден басталған терең тектоникалық жарылыстар жүйесі

Ұлы Шығыс Африка жарылыстары
Ф – 1519-22 жылдары аралығында осы ғалымдар басқарған испан экспедициясы тұнғыш рет жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитын ашты? Фернан Магеллан

Х –Үндістанды ашамын деп Американы ашқан саяхатшы Христофор Колумб

Ч –Африкадағы қалдық көл Чад
Э – Жер шарындағы екі полюстен бірдей қашықтықта ойша жүргізілген шеңбер; (экватор)
Ю –ХХ ғасырдың аяғында орыс ғалымы Ніл өзені бойымен шығыс және Орталық Африкаға саяхат жасап материктің осы бөлігі туралы құнды мәлімет жинақтаған ғалым В.В. Юнкер

  • 3-кезең:«Астаналар сайыста»
  • 1-топ:
  • 1.Аустралия –Конберра
  • 2.Мавритания-Нуакшот
  • 3.Алжир- Алжир
  • 4.Намибия-Виндхук
  • 5.Ангола- Луанда
  • 6.Буркино-Фасо-Уагадугу
  • 7.Мозамбик- Мапуту
  • 8.Судан- Хартум
  • 9.Мали-Бамако
  • 10.Нигер-Ниамей
  • 2-топ
  • 1.Нигерия- Абуджа
  • 2.Египет-Каир
  • 3.Эфиопия-Аддис-Абеба
  • 4.Кения- Найроби
  • 5.Эритрия- Асмэра
  • 6.Марокко- Рабат
  • 7.Чад-Нджамена
  • 8.Зимбабве- Хараре
  • 9.Ливия- Триполи
  • 10. Тунис- Тунис
  • 3-топ:
  • 1.ОАР- Претория
  • 2.Намибия- Виндхук
  • 3.Ботсвана-Габороне
  • 4.Конго-Браззавиль
  • 5.Танзания- Додома
  • 6.Мали- Бамако
  • 7.Сенегал- Дакар
  • 8.Орталық Африка Республикасы- Банги
  • 9.Конго Демократиялық Республикасы- Киншаса
  • 10.Габон-Либревиль
  • 4-кезең: «Сен мені білесің бе? Танымдық сұрақтар беріледі. Экранға назар аударыңыздар
  • 1-топ:
  • •1.Орамалды әйел – ана бейнесінде қандай материк бейнеленген?
  • 2-топ:
  • •2.Көңіл – күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?
  • 3-топ:

•3.Әйгілі орыс жасушысы А.С.Пушкиннің бейнесіндегі ел?

5-кезең: «Ойлан тап!» Географиялық жұмабақтар. Жұмбақ 3 топқа бөлек-бөлек беріледі. Егер жұмбақ жасырылған топ білмей қалса, 2-топ жұмбақтың шешімін тапсаңыздар қол көтересіздер. Орнынан айтылған жауап қабылданбайды.

1-топ:

1. Ол бар жерде бар ма, жоқ па білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа).

2. Жүрсең де жетпейсің, ұшсаң да жетпейсің (жел)

3.Орақ болып туады,

Табақ болып тынады. (Ай)

4.Тұрғанымен жырақ көзі

Таусылмайтын шырақ көзі ( Күн)

5.Терезеден есіледі,

Қараңғыны көшіреді (Сәуле)

2-топ:

1.Ұйықтайды ұл түнде, күндіз қызы

Жүргенде білінбейді басқан ізі. (Күн мен Ай)

2.Сарайдың сансыз шырағы

Нұр шашып самсап тұрады (Жұлдыз)

3.Түсі бар көрінбейтін

Біртұтас бөлінбейтін

Тынысы бар тіршіліктің

Ешқашан жерінбейтін. (Ауа)

4. Зу-зу етеді,

Түртіп кетеді. (Жел)

5. Еркелеп жатамын,

Қаңтарда қатамын ( Көл)

3-топ:

1. Бірде селдір жабағы

Бірде- теңбіл жабағы. (Бұлт)

2. Мен ылғи да, таң қаламын көремін де,

Төрт емес бір маусым барол өңірде. (Экватор )

3. Аппақ қудай басы бар,

Сан ғасырлық жасы бар . (Тау)

4. Үйге кірдің қара жер,

Назарыңды сала көр

Шыр үйіріліп, үңіліп,

Іздегеніңді таба бер (Глобус)

5. Дәмі де жоқ,

Түсіде жоқ, ол не? (Су)

6-кезең: «Адасқан әріптер» Әр топтың оқушылары адасқан әріптерден сөздер шығару керек.

1-топ: «Африка материгі»

И-К-Т-В-Р-Я-О-И- Виктория көл немесе сарқырама

А-Л-К-Х-Р-А-И-А- Калахари шөлі

Б-А-М-И-Н- Намиб шөлі

Г-А-Р-Г-А-Х-А- Ахаггар таулы қыраты

Ц-У-С-Э- Суэц каналы

2-топ «Оңтүстік Америка материгі»

М -З-Н-А-К-А-О-А - Амазонка өзені

Ч-А-Г-А-Н-Д-Р-К-О - Гранд-Чако жазығы

З-Б-Р-Н-И-Я-И-А- Бразилия таулы үстірті

В-Г-И-Н-А-А- Гвиана таулы үстірті

А-Н-А-Р-П-А- Парана өзені

3 – топ: «Аустралия материгі»

Р-Э-Й- Эйр көлі

С-Ц-О-Ш-К-О-Ю-К- Косцюшко тауы

С-М-Т-А-Н-А- Тасман аралы

Р-М-Р-У-Й-Е- Муррей өзені

Б-О-Р-И-А-Е-Н-Г- Абориген ең алғашқы халқы

Қорытынды:

Жарыс заңы әуелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену жалықпау.

Әділ-қазы алқасына сөз беріледі:

Марапаттау.

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендерге көп рахмет

Шын сезінген көрерменге,

Мың рахмет, мың рахмет!

Осымен 7 кластар арасында ұйымдастырылып өткізілген «Жас географтар» атты кластан тыс іс-шарамыз аяқталды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 69.77 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 109

Похожие материалы