ВОЗМОЖНОСТИ ІТ-ТЕХНОЛОГИЙ В РАЗВИТИИ ТВОРЧЕСКОГО ПОТЕНЦИАЛА СТУДЕНТОВ
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Жиренова Айнагуль Кенжалиевна
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр-ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Сондықтан да біздер жаңа мыңжылдыққа, ақпараттандыру ғасырына аяқ бастық. Бұл - алдыңғы қатарлы елдер қатарында табиғи байлығы мен шығарған өнімі мол елдер емес, ғылымға негізделген техникасы дамыған, жастары білімді елдер тұратынын білдіреді. Қазіргі кезде ең бағалы тауар – ақпарат болып саналады. Сондықтан қай елдің тұрғындары ақпарат алуға кең мүмкіндік алса, сол ел алдыңғы қатарлы болып саналады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады. Ал ел тағдыры оның келешекте кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына байланысты болмақ.«Біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу» деп елбасшымыз әңгіменің басын ашып айтқаны бар.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеті тұр. Осындай тұлғаны қалыптастыру ұстаздар үшін дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту және т.б. әдістерді пайдалану аз. Ақпараттық технологияларды пайдаланған ұстаз ғана сабақты ұтымды да тиімді өткізе алады.
Ол үшін жыл сайын Железин ауданының білім бөлімі Облыстық ақпараттық технологиялар орталығымен бірігіп аудан ұстаздарына «Activ studio», «Activ inspire», «ARTA ClassRoom», «ARTA Learning», «PASCO» оқу курстарын ұйымдастырып жатады. Жаңа ақпараттық оқу бағдарлама курстарынан жаз айында ауданның 107 мұғалімі өтіп, сертификат алды. Курстан алған білімді сабақ барысында қолдану үшін мектептің материалдық- техникалық базасына тікелей тәуелді. Аудан мектептерінде кездесетін ақпараттық құрылғыларды жеке қарастырып кетейік:
1. Компьютер - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн зор құрал; Аудан мектептерінде компьютерлік құрылғыларының жалпы саны- 397.
2. Интербелсенді тақта- бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал; 34 мектепте 72 тақта орнатылған. Барлығы оқу- тәрбие үдерісінде қолданылады.
3. Мультимедиа- лингофонды кабинет- шет тілдерін меңгеруге үлкен көмек көрсететін мультимедиа құралдарын ешбір кедергісіз тасымалдауға және дыбыстық, аудио, видео түсірілімдерді көруге мүмкіндік береді; Кабинеттердің жалпы саны- 13, оның ішінде жаңа модификациялы- 7.
4. Интернет - (aғылшынша Internet – желi аралық байланыс) бүкіл Жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желiлер жиынтығы; Аудан мектептерінің барлығы 100 % Интернет желісіне қосылған. Интернет желісіне қосылу провайдеры «Қазақтелеом»- 22, «Индустрия связи»- 12. Қосылу технологиясы бойынша: ADSL- 4; EV-DO- 16; WI-FI- 11; Dial- up- 2.
5. Он-лайн сабақтар- республикалық, облыстық мәні бар сабақтарға, семинарларға, курстарға, конференцияларға тікелей байланыс орнатылған; 34 мектептің 5 «Elluminate live» лицензиялы бағдарламасына қосылған. Биылғы 2013- 2014 оқу жылының 1 қыркүйегінен тағы да 5 мектеп қосылу жоспарлануда.
6. Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Флипчарттарды дайындау бағдарламасы «Activ inspire» оқыту курстарын аудан мұғалімдерінің 80% өтті.
7. Жаңа модификациялы оқу кабинеттері- заман талабына сай жабдықталған химия, физика, биология кабинеттері; Жаңа модификациялы физика кабинеттері- 5; химия кабинеттері- 5; биология кабинеттері- 10. Жаңа модификациялы кабинеттерде PASCO лицензияланған бағдарламасы орнатылған. Бағдарлама физика, химия, биология пәндерінде лабораториялық немесе тәжірибелік бөлімдерді нақты оқушыға көрсетуге бағытталған; Аудан бойынша 16 мұғалім осы бағдарламаның оқу курстарынан өтті.
Жоғарыда айтылған барлық құрал- жабдықтарды сабақта пайдаланудың тиімділігін былай саралап көрсетуге болады:
- Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;
- Алған білімді жүйелеу ;
- Пәнге деген қызығушылықты дамыту;
- Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру;
- Оқушынының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып, әлеуетін дамыту;
- Мұғалімнің уақытын тиімді үнемдеу.
Аудан мұғалімдері жылда өтетін түрлі конкурстарға, олимпиадаларға өздері және оқытып келе жатқан оқушылармен бірге қатысып жатады. Соңғы үш жыл ішінде жаңа ақпараттық технологияларды сабақ үдерісінде пайдаланудың нәтижелері:
2010- 2011 оқу жылы:
1. Шайхимов Айдар Аблаевич- Республикалық КИО информатика пәнінен ІІІ орын;
2011- 2012 оқу жылы:
1. Абишев Құдайберген Ермекович- Республикалық КИО информатика пәнінен аудан ішінде І орын;
2012- 2013 оқу жылы:
1. Фляум Дарья- Прииртышск ЖББОМ оқушысы, Республикалық КИО информатика пәнінен «Қала аудан арасында ең үздік нәтиже» номинациясын жеңіп алды;
2. Бухмеллер К., Скурлятов О.- Республикалық КИО информатика пәнінен «Аудан арасында ең үздік көрсеткіш» номинациясын жеңіп алды;
3. «Интерактивті құралдар сабақта» педагогикалық идеялар Интернет фестивалінің әскери- патриоттық тәрбие мен СӨС бағытында ІІІ орын Еңбекші ЖББОМ АӘД пәнінің мұғалімі Жаканов Б.Қ. жеңіп алды;
2012- 2013 оқу жылында аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес мұғалімдер арасында «Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар білім саласында» атты аудандық конкурс өткізілді. Конкурсқа ауданның 18 мектебінен 31 пән мұғалімі қатысты. Мұғалімдердің ең үздік жұмыстарын аудандық білім бөлімінің ресми сайтында көруге болады.
- Березовка ЖББОМ физика, информатика пәнінің мұғалімі Касанов М.С. «Физика пәнінен ОЖСБ дайындалудың электронды тренажерын» жасап, 2 жыл уақыт көлемінде пайдаланып келеді;
- Михайловка ЖББОМ математика пәнінің мұғалімі Волкова Е.А. «7-9 сынып оқушыларының ағымдағы және қорытынды білімдерін тексеруге арналған электронды көмекшісін» сабақта пайдалануда;
- Красновка ЖНББМ география пәнінің мұғалімі Бычков В.С. өлкетанудан жасаған электронды әдістемелік- дидактикалық жұмысы Павлодар облысының білім беру мен тәрбиені дамытудың инновациялық орталығынан рецензия алып, ауданның барлық география пән мұғалімдеріне таратып берді;
Ел Президенті жолдауындағы «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады»- деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, жарыс, күрес, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. «Алдына ұлы мақсат қойсаң ұлылыққа жетесің» деп данышпан ақындарымыз айтпақшы, барлығымыз бірге күш жұмсап, ел ертеңіне сеніммен қарасақ ғана алдымызда тұрған көптеген қиыншылықтардан қиналмай өтеміз деген ойдамын.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 22.45 Kb |
Количество скачиваний: | 4 |