Выступление на конференции Үш тілде оқыту.
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Айнабекова Акмарал Сабитовна
|
Тамыздық кеңес
Айнабекова А.С.
М.Горький ат.Гимназия мұғалімі
Үш тілде оқыту.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ҚОАҮ (қазақ- орыс- ағылшын үштілдік) эксперименті жүргізіліп жатыр. Осыған орай алғашқы ой- пікірлер туындап жатыр. Мектептерде үштілдік бір пән болып оқытылады. Бұл, әрине, Қазақстан Республикасының білім дамуының Концепциясын арттыру жолындағы зор үлес. Үштілдік те, саясимәдениеттілік те осы Концепцияның негізгі бағыттары болып табылады.
Әлемнің, тілдердің, мәдениеттердің көпқырлылығы қазіргі заманда мәдениетаралық қарым- қатынастарының философиясын анықтайды. Сонда тілдің көпқырлылығы мәдениет мұрасының ең құнды элементтерінің бірі болып қарастырылады.
Мұны Егеменді Қазақстанда алғашында қабылданған заңдарының бірі «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» (1997 ж., 11.07) заңын танып білгеннен кейін түсінуге болады. Аталған заңда Қазақстандағы барлық халық тілдері ол ұлттық қазына, тарихи - мәдениетті мұрасы деп танимыз.
Қазақстанда тілдерді дамыту мәселесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың үнемі бақылауы мен қамқорлығында болып тұрды. Елбасымыз өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында білім беру, мәдениет және тілдерді меңгеру саласын дамытуға ерекше назар аударады.
Елбасшымыздың жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауында: «Ұрпақты тәрбиелей отырып, оның денсаулығын сақтап, білім беріп, дүниеге көз қарасы болса, ел данышпанды болады...Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі... Әлемде атақты, құрметті, өз елінің патриоты болады» деп айтылған.
Осы заманға сай, білім дамуының Концепциясына сай мен «Үш тілдің шағын елі» атты бағдарлама жасадым. Бұл бағдарлама бастауыш сынып оқушыларына арналған.
Өз еңбегімде оқушыларды тілдік кеңістікке еңгізу үшін кассеталар, дисктердегі музыкалық материалдар, сөздік ойындар, кітаптар, рөлдік жағдайлар, қазақ, орыс, ағылшын халықтарының фольклорлық шығармаларымен таныстыру, тағы басқа осындай тәсілдерін пайдаланамын.
Бұл бағдарлама нәтижелі болу үшін мұғалімдер, ата-аналар, балалар қарым – қатынастары тығыз байланыста. Осыған орай жұмыс дәптері құрастырылды. Бұл дәптерде өтілетін барлық лексикалық тақырыптар кіргізілген: Танысу, рәміздер, сандар, түстер,жемістер, көкөністер, азық – түліктер, жиһаз, мамандық, жыл мезгілдері, дене мүшелері, жануарлар және өсімдік әлемі. Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін әр сабаққа қонақтар келеді.
- Мысалы, «Танысу». Үш елдің, ұлттық киім киген, өкілдері кездеседі. Үш тілде амандасады.
- Сәлеметсіз бе?
- Здравствуйте!
- Good morning.
Good morning. good morning. Good morning. To you.
Good morning. Good morning. We are glad to see you.
Қайырлы таң, қайырлы таң,Қайырлы таң саған!
Қайырлы таң, қайырлы таң, Қуаныштымыз саған!
- Менің атым – Әлия.
- Меня зовут – Катя.
- My name is - Джейн.
Содан кейін мен сол үш елдің өкілдеріне өз елімен таныстаруға көмектесемін. Сыйлық ретінде олар өз елдерінің жалауларын қалдырады.
- «Сандарды» өткенде, сабаққа теледидардан күнде-күнде көретін Спандж Боб деген мультфильм кейіпкері келеді.
Кто живет на дне океана? Спандж Боб Сквей Пенс.
Кто как губка, малыш без изъяна? Спандж Боб Сквей Пенс.
Кто как рыба плавает в воде? Спандж Боб Сквей Пенс.
Кто побеждает всегда и везде? Спандж Боб Сквей Пенс.
Сабақта балалар сандармен танысады:
one two three four five six seven eight nine ten
тура және кері санайды, алған білімдерін бекіту үшін санамақ жаттайды,
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Алақанды ашамыз
Бесті беске қосамыз
On right-hand man five fingers
On left hand five fingers
Open I ладошки add five pluses five
кім жақсы жауап береді сабақтың сонында кейіпкердің суретін алады, тоқсанның аяғында санап Спандж Бобтың жаңа досы болып шығады.
- «Түстерді» өткенде «Семицветик» ертегі бойынша сабақ өтеді.
- Лети, лети лепесток,
Через запад на восток,
через север, через юг,
Возвращайся, сделав круг.
Лишь каснёшься ты земли –
Быть по - моему вели.
- Түрлі- түсті гүлді жинау үшін, түстерді есте сақтау үшін тапсырмаларды орындайды. Жапырақтар неге ұқсайтынын айтады: тамшыға, шарға. Алған білімдерін бекіту үшін жаңылтпаш жаттайды.
Ақ шар бар,
Көк шар бар
Қызыл шар бар
Сары шар бар
Жасыл шар бар
Көп шар бар
Бес шар бар
- I have a white ball
I have a blue ball
I have a red ball
I have a yellow ball
I have a green ball
Beside me much balls
But whole five balls
- «Отбасы» тақырыбын өткенде: Отбасы ағаш тірегін салады, әңгімелейді. Сурет бойынша «Туған жер» өленің жаттайды.
- «Жаңа жылда» бізге Аяз ата, Дед Мороз, Санта Клаус келеді, балалар тапсырмаларды орындап шыршаны жинайды, безендіреді. Жаңа жылға арналған «Ginqle bellz» өленің айтады.
- Jingle, bells, Jingle, bells,
- Jingle, fll the wau.
- Oh, What fun it is to ride
- In a one-horse oren sleiqh
- «Жыл мезгілдерді» өткенде, мысалы: «Күз» оқушылар табиғат өзгерістері туралы айтады, түстерді еске түсіреді.
Elou, red,qrin end braun
Ze litl, livz kam daun
Dansin, dansin in ze briz,
Folin, folin from ze triz.
Күркүреді күн-күн, Терезелер шын-шын,
Жауды жаңбыр топ-топ, Шелекше көп-көп,
Тос арқанды тос-тос, Күнбағыс тез өс-өс.
«Қыс» тақырыбында бізге «Смешарики» деген мультфильм кейіпкері қонаққа келеді. Оның аты – Қарқарыч, ол қазақша сөйлейді. Оның жақсы көретін сөзі «қар, қар». Алған білімдерін жинақтау үшін оқушылар қысқа өлең шығарады:
Winter is white,
Spring is green,
Summer is brown,
Autumn is yellow
- «Дене мүшелері» тақырыбымен таныстырғанда «Не үшін» өленің жаттайды. Сергіту сәтінде апта күндерін атап кетеді.
- «Менің үйім» тақырыбы бойынша балалар үй салады:
- «Тили-тили-тили бом, үй салуды бастаймыз».
Бірінші қабат – ас бөлме, екінші қабат – жататын бөлме, үшінші қабат – балалар бөлмесі.
«Тили-тили-тили-бом, үйді салып болдық біз».
- Грамматикамен таныстырғанда қызыл үйде – жуан дауыстылар; қызғылт үйде – жіңішке дауыстылар; көгілдір үйде – ұяң; көк үйде – қатаң; аралас үйде – үнді; У дыбысы төрт үйде тұрады. «У» дыбысын ажырату үшін, жан-жақта қызыл киім кисе – ол көк киімін киеді, ал көк киімде болса – ол қызыл киім киеді. Оқушылар «У» Қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын ажыратады және шатыстырмайды.
Бұл бағдарламаның нәтижесінде оқушыларға үш тілді қатар меңгеруге жағдайлар жасалады. Ойын элементтерін қолданып оқушылар басқа тілдер аясына енгізіледі, олар ойлау қабілеттерін нығайту арқылы сөйлеуге ынталандырылады. Үш елмен танысып, олардың мәдениетін білуге қызығушылық туындайды. Ойлау қабілеттерін жан – жақты көзқарастарын дамытады. Өз елін сүюге, құрметтеуге, қорғауға тәрбие арттырылады.
Сонымен, үштілдік саясимәдениетті тұлғаны тәрбиелеуге жағдай жасайды. Ал, оның мақсаты тұлғаның өз мәдениетінің деңгейін, қарым- қатынастар мәдениетін, тіл мәдениетін арттыруы болып табылады.
Баяндамамның сонында Е.Елубаевтің өленің оқып берейін.
Знать язык сегодня стало
Лишь один, не скрою мало.
Если два - вопросов нет,
Ты для всех авторитет.
Тех, кто три прекрасно знают
Все за гениев считают.
Ну, а если все четыре –
Нет людей богаче в мире.
Осындай рухани байлықты барлықтарыңызға тілеймін.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 21.36 Kb |
Количество скачиваний: | 5 |