Здесь была ссылка на работу »When is your birthday?» автора Мамышева Жанат Нысановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: When is your birthday? Мақсаттары: Білімділік: Жаңа сөздермен таныстыру және практикалық жұмыс істеу, сан есімді қайталау, ай аттарын дұрыс ажырата білуге үйрету. Дамытушылық: Тіл байлығын дамыту, оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу, ойлау және сөйлеу, есте сақтау және назар аудару қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік: Ойын элементтерін пайдалана отырып оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Ұқыптылыққа, жан-жақты болуға, өзге тілді үйрене отырып, өз тілдерін құрметтей білуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту Сабақтың түрі: аралас сабақ Әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, жеке жұмыс, ойын Көрнекілігі: слайд, таратпалар, кесте, бүктеме Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, музыка Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі а) Оқушылармен сәлемдесу ә) Кезекшімен диалог құру б) Фонетикалық жаттығу Spring is green, Summer is bright. Autumn is yellow Winter is white. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау -Exercise:13, 14. -Өткен тақырыптағы жаңа сөздерді сұрау III. Өткен тақырыпты қорытындылау Таратпа материалдардағы тапсырмаларды орындау IV. Жаңа сабаққа кіріспе -Балалар, біз қандай сұраулы сөздерді білеміз? -Иә, балалар, біз өткен тақырыптарда «what?», «where?», «how?», «how many?», «whose?» деген сұраулы сөздерді пйдалану арқылы бірнеше сұрақтар қоюды үйренген болатынбыз. Қанеки, мысал келтірейікші: -What is your name?; -What is your address?; -Where are you from?; -How are you?; -Where is my bag?. Ал, бүгін біз «When?» деген сұраулы сөзді өтеміз. Яғни біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «When is your birthday?». Оқушылар, «birthday» сөзі бізге таныс сөз бе? Осы сөзге байланысты өлеңдер немесе әуендер білеміз бе? Бүгінгі жаңа тақырыбымыз бойынша жыл мезгілдері, ай аттары және де реттік сан есімдермен таныс боламыз. Сабағымызды саяхат жасаудан бастасақ. Саяхат жасататын ағылшындардың екі қабатты автобусы «жыл мезгілдері» деп аталады. Автобустың ішіндегі жолаушылар ай аттарымен жазылған, яғни жолаушылар деп отырғанымыз- біз. Саяхатымызды бастайық V. Жаңа сабақ Жаңа сөздер: Day-күн Week-апта Month-ай Season-мезгіл Before-дейін, бұрын, алдында After-кейін, соң Жыл мезгілдері мен ай аттарымен таныс болайық. Exercise: 3. Read the dialogue. Asel: When is your birthday? Carol: It’s in the winter. Asel: In which month is it? Carol: It’s on 31 of January. And when is yours? Asel: Mine is on 9 of may. Carol: What’s the date today? Asel: It’s 21 of march. Carol: Oh, my father’s birthday is on 23 of March. -Қазақ тілінен сан есім дегеніміз не екенін білеміз. Ағылшын тілінде заттың санын, мөлшерін білдіретін сандар-есептік сан есімдер Cardinal Numerals деп аталады: one, two, three, four. Затың ретін немесе орнын білдіретін сандар-реттік сан есімдер Ordinal Numerals деп аталады: first, second, third, fourth. Реттік сан есімдер алғашқы үш санды қоспағанда есептік сандарға – жұрнағын жалғау арқылы жасалады. Fourth Thirteenth Twentieth Hundredth Алғашқы үш реттік сан ережеден тыс жасалады. One-first Two-second Three-third Бүл сандар күрделі реттік сандардың соңында да осылайша оқылады. 21st-twenty-first 32nd-thirty-second 63rd-sixty-third -Макмиллан ойыны. Level2, 19a. Ойынның шарты: суретке қарап әр баланың реттік нөмірлерін сәйкестендір. Дәптермен жұмыс Exercise: 8. Talk to your friend. -What month is it after January? -It’s … . -What month is it before January? -It’s … . VI. Жаңа сабақты бекіту -Макиллан ойыны-Level2, 13b. Ойынның шарты: бірінші ойында көрсетілген балалардың туылған кү