Windows-пен жұмыс істеу негіздері.
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Махмет Инкар Келденкызы
|
Пән: Информатика
Пән мұғалімі: Махмет ІңкәрКелденқызы
Тақырыбы: Windows-пен жұмыс істеу негіздері.
Сабақ мақсаты: а) Windows-тың негізгі элементерімен таныстыру.
Б) Windows-пен жұмыс жасау негіздерін, негізгі элементтерін қолдануды үйрету.
В) Оқушыларды ізденімпаздыққа, жүйелі жұмыстануға үйрету.
Сабақ көрнекілігі: Маус, пернетақта, жұмыс столы.
Сабақ түрі: Лекция
Сабақ әдісі: Лекция оқу
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Өткен сабақта біз файлдық жүйемен таныстық. Операциялық жүйенің файлдармен жұмыс істеу тәсілдерін, олардың атауы жөнінде әңгімеледік.
Өткен тақырып бойынша мынадай сұрақтар.
1. Файл дегеніміз не?
2. Файлдық жүйе дегеніміз не?
3. Файлдың атауы неше бөліктен тұрады?
4. Файлдың кеңейтілуі нені білдіреді?
5. Диск атауын қалай белгілейді?
6. Windows папкасы қай дискіде орналасады?
7. Информация сақтаудың иерархиялық құрылымы қандай болады?
8. Файлдың толық атауы нені білдіреді?
Үй тапсырмасын сұрап болған соң жаңа сабақты түсінідруге кірісемін. Жаңа сабақ лекция түрінде өтеді. Дәптерлеріңе жазып отырыңыздар. Сабақтың тақырыбы Windows-пен жұмыс істеу негіздері
Компьютерде жұмыс жасауды үйрену үшін операциялық жүйемен жұмыс жасаудың негізгі принциптерін меңгеру керек. Жүйемен жұмыс жасау негізін үйренген адамға Windows басқаруымен жасайтын басқа программаларды меңгеру оңай. Себебі олардың жұмыс жасау принциптері ортақ. Windows-та әрекеттің көбі маус арқылы орындалады. Сондықтан да маусты қолдануды үйренуге көп көңіл бөлген жөн. Пернетақта да компьютер басқаруда қолданылады, бірақ ол маусқа қарағанда сирек пайдаланылады. Дегенмен пернетақтамен де жұмыс жасап жаттығу керек.
Windows-ты іске қосу және онымен жұмысты аяқтау.
Компьютер іске қосылған соң, басқару операциялық жүйеге беріледі. Компьютердің операциялық жүйесі жұмысты бастағанда экранға операциялық жүйенің версиясын көрсететін заставка шығады. Жүйе жүктеліп болған соң Windows-тың жұмыс столы пайда болады. Жұмыс столы - Windows-тың таңбашалары мен белгішелері орналасқан экран. Жұмыс столының төменгі жағында Пуск батырмасы орналасқан жолақ есептер тақтасы деп аталады. Экранда жұмыс столы пайда болған соң компьютер қосылып, жұмыс істеуге дайын деген сөз.
Жұмыс істеп болған соң компьютерді сөндіру қажет. Бұл тым қарапайым процесс деп ойлауға болмайды. Windows-пен жұмыс жасайтын компьютерді дұрыс сөндіру өте маңызды. Себебі Windows-тың жұмысы кезінде компьютерді ток көзінен айырып тастау, жүйелік информацияларды бүлдіріп, компьютердің жұмысын бұзуы мүмкін. Windows-пен жұмысты аяқтау үшін алдымен барлық жұмыс жасап тұрған программаларды жабу керек. Содан соң Пуск-Завершение работы кғомандасын орындайды. Экранға шыққан диалог терезеде Выключить қатарын таңдайды. Компьютер бірден сөнбейді. Әзір ол толықтай сөнгенше бір минут уақыт өтеді. Компьютер сөнген соң, мониторды ток көзінен айыру керек.
Компьютерді сөндірген бойда бірден іске қосуға болмайды. Оны қайта іске қосу үшін кем дегенде бірер минут уақыт өтуі тиіс
Маус пен пернетақтаны қолдану.
Маус әртүрлі болады. Оның кем дегенде екі батырмасы болады. Оптикалы-механикалық маустың ішінде резинамен қапталған, темір шаригі болады. Ол маусты дөңгелеуі керек. Кеәйбір беттерде ол дөңгелемей сырғанап кететін болғандықтан, мұндай маустардың арнайы кілемшесі болады. Кілемше беті тұтқыр болып келеді де, шариктің сырғанап кетуіне жағдай туғызбайды.
Ал, оптикалық маустарда мұндай қозғалыс бөлігі жоқ. Бұл маустар айнадан өзге беттерде жұмыс жасай береді. Мұндай маус үшін кілемшенің қажеті жоқ. Ол механикалық маусқа қарағанда қымбаттау, бірақ қазіргі уақытта көп қолданушылар осы маусты қолданады.
Ал жұмыс жасауға провод кесел келтірсе, онда сымсыз маустарды қолдануға болады. Тек олардың батареясын ауыстырып отыру керек.
Windows-пен жұмыс жасағанда экран бетінде маустың көрсеткіші маустың қозғалу бағытына қарай орын ауыстырып отырады.
Маустың әр батырмасының атқаратын қызметі бар. Windows-пен жұмыс көбінесе маус арқылы орындалатындықтан, мауспен жұмыс дағдысы, оның батырмаларының функцияларын білу өте маңызды.
Маустың көп қолданылатын батырмасы сол жақ батырмасы. Ол шерту санына қарай мынадай қызметтер атқарады. Сол жақ батырманы бір рет шерту обьектіні белгілейді. Екі рет шерту программаны іске қосады немесе құжатты ашады. Оң жақ батырмасы қосымша батырма. Ол контекстік немесе жанама менюді шақыру үшін қолданылады.
Пернетақта қоданушыдан компьютерге ақпарат енгізуге арналған. Пернетақта түріне, пернелердің орналасуына қарай өзгешеліктері болуы мүмкін. Бірақ барлық пернелер кез келген пернетақтада мынадай топтарға бөлінеді.
Функционалдық пернелер.
Басқару пернелері.
Алфавитті-цифрлық пернелер.
Қосымша цифрлық пернетақта
Курсорды басқару пернелері.
Әр перненің атқаратын қызметі бар. Кейде әрекет орындау үшін пернелер комбинациясы да қолданылады.
Негізгі меню программаларды іске қосу және онымен жұмысты аяқтау.
Экраннның төменгі жағындағы жолақ есептер тақтасы деп аталады. Оның сол жағында Пуск батырмасы орналасқан. Пуск батырмасы негізгі менюді іске қосады. Windows ХР-дің негізгі менюі басқа версияларға қарағанда өзгешелеу. Мұнда жиі қолданылатын программалардың атауы негізгі менюдің сол жақ бөлігіне кіргізіледі де, көп қолданылмайтындары шығарылып тасталады. Негізгі менюдегі кейбір командалардың жанында оң жаққа бағытталған үшбұрыш орналасқан. Ол сол меню командасының бағынышты меню командалары бар екенін көрсетеді.
ПРограмма атауы негізгі менюден таңдалып, маусты шерткенде программа іске қосылады. Яғни, экранға прорамма терезесчі пайда болады. Программамен жұмысты аяқтау үшін Файл –Выход немесе Alt+F4 пернелер комбинациясын немесе Закрыть батырмасын қолданады.
Терезе.
Программа іске қосылғанда оның терезесі ашылады. Терезе дегеніміз – жақтаулармен қоршалған экранның жұмыс аймағы. Терезені жылжытуға, өлшемін өзгертуге болады. Терезенің мынадай элементтері бар.
1. Тақырып жолы. Онда программа атауы және терезені басқару батырмалары орналасады.
2. Меню жолы. Бұл қатарда меню командалары орналасқан.
3. Құралдар тақтасы. Жиі қолданылатын командаларға тез қатынасу батырмалары ораналасқан.
4. Жұмыс аймағы. Терезенің ең үлкен аймағы. Мүнда терезенің обьектілері немесе жұмыс жасау ортасы болады.
5. Қалып күй қатары.
Программа іске қосылған кезде есептер тақтасында прорамма белгісі орналасады. Егер бірнеше программа іске қосылып тұрса, жұмыс істеп отырған прорамманың белгісі ерекшеленіп тұрады. Қажетті терезеге ауысу үшін оның есептер тақтасындағы белгісінде шертуге болады.
Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары:
1. Жұмыс столы дегеніміз не?
2. Есептер тақтасы дегеніміз не?
3. Маустың қандай түрлері болады?
4. Пернетақтаның пернелері қандай топтарға бөлінеді?
5. Негізгі меню дегеніміз не?
6. Терезе деп нені айтады?
7. Терезенің қандай элементтері бар?
Үйге тапсырма: лекцияны оқып келу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 16.55 Kb |
Количество скачиваний: | 14 |