"Компьютердің құрылымы" 5 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Предмет: Информатика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Пәні : Информатка Сыныбы: 5 Мұғалімі: Джетписбаева Жансая 
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің құрылымы
Сабақтың мақсаты: Компьютердің құрамдас бөліктері туралы мәлімет алу және пернетақтаны қолдануға дағдылану
Күтілетін нәтиже: Оқушылар компьютердің негізгі бөліктері, жүйелік тақтаның құрылымы және қызметі туралы мәліметтер ала отырып, топпен талқылау барысында қарым-қатынас шеберлігі қалыптасады
Қолданылатын модульдер: СТО, АКТ, ОүБ және оқуды бағалау, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
Стратегиялық іс-әрекет: Шырмауық, Миға шабуыл, Ізденіс, Фишбоун, Бесбармақ, БББ
Сабақ кезеңдері
1.Кіріспе
А)Ынтымақтастықты қалыптастыру. 
Б) 1, 2, 3 сан жазылған кеспе қағазы арқылы топқа бөлу.
«Жүректен жүрекке» тәсілі арқылы шеңбер болып тұрады және бір-бірлеріне жылы тілектерін айтады.
1-лер бір топ, 2-лер бір топ 3- тер бір топ болып бөлінеді, нәтижесінде үш топ құралады.
2.Үй тапсырмасы
«Шырмауық» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру. Сыныптағы оқушылар түгелдей шеңбер болып тұрады. Үй тапсырмасынан бір анықтамалық немесе ереже айтқан оқушы қолына жіпті бір рет орайды. Осылайша әр жауап берген оқушы қолына жіпті бір рет орай береді. Ұжыммен жұмыс
3. Жаңа сабақ 
«Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтап алу үшін компьютердің құрылғыларын тормен жасыру. Әр топ аз торкөзбен ашып, жасырынған құрылғыны бір ғана жауаппен тапса, ашылмаған торлар топқа ұпай болып беріледі. «Ізденіс» стратегиясы арқылы, оқушыларға жаңа тақырыпқа байланысты тапсырма беру, мәліметтерді топтастырып кластер жасату.Жеке, жұптық, топтық жұмыс. 
Топ оқушылары берілген уақыт ішінде өз көмекшілері (оқулық, интернет, газет-журнал) арқылы берілген тақырып бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізеді, мәліметтерді топтайды және кластер жасау арқылы қорғайды.
4.Сергіту сәті
«Жер сілкінісі». Оқушылар екі адамнан үй болып тұрады, бір адам тышқан болады. «Үй» дегенде үйлер ауысады, «тышқан» дегенде тышқандар ауысады, егер «жер сілкінісі» десе барлығы ауысады.
5. Жаңа сабақты пысықтау
Жаңа сабақты пысықтау кезінде «Фишбоун» әдісін өткізу. Сабақ барысында ір топқа жеке-жеке талқылау тапсырылады. Топ мүшелері жар қағазға балық қаңқасының суретін салады. Әр топ берілген тақырыпты балықтың бас сүйегіне жазады. Жоғарғы бөліктегі балықтың әр қабырғасына тақырыпқа байланысты сұрақ жазады. Ал төменгі қабырғаларына өз тұсындағы сұрақтың жауабын жазады. Түйген ой қорытындыларын балықтың құйрығына жазады.
6.Қорытынды
«Басбармақ» әдісі бойынша сабақты қорытындылау.
Оқушылар басбармақтарын көрсету арқылы ұғу деңгейлерін білдіреді
7.Бағалау 
Бағалау критерилері арқылы жиынтық бағалау, сумотивті бағалау 
8.Кері байланыс 
Оқушыларға БББ тәсілі арқылы сабаққа кері байланыс жасату. Оқушылар өз ойларын жазып тақшаға іледі.
9.Үйге тапсырма
Оқулықтан «компьютер құрылымы» тақырыбын оқып келу және Эссе жазу.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.47 Kb
Количество скачиваний: 42
Просмотров: 203

Похожие материалы