Визуал Бейсик басқару элементтері:Cheek Box ,Combo Box, Option Button, List Box

Предмет: Информатика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың мақсаты: 1. Visual Basic бағдарламасында формаға базалық элементтерді орнатып, олардың оқиғаларын өңдеуіш процедураларын құру, визуалды программалаудың негізімен таныстыру, есептер шығару барысында өз білімдерін және мүмкіндіктерін көрсету.

 

                                   2. Жан-жақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

                                   3.  Visual Basic бағдарламалау ортасында жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту.

 

Сабақтың түрі:   түсіндірмелі –практикалық

Сабақта қолданылатын әдіс:  дамыта оқыту

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

                                   Сынып тазалығын тексеріп, оқушылардың сабаққа қатысуын белгілеу

Негізгі бөлім: 2. Өткен тақырыпты   еске түсіріп, сұрау.

а)Басқару элементі дегеніміз не?

Басқару элементі дегеніміз пішінде басқару обьектілерін жасаудың көріністендірілген құралдарын айтады.

ә)  Қандай басқару элементімен таныстық?   Label, Text Box, Command Button

б) Басқару элементтерінің қызметі қандай?

 

Жазу – Label -мәтінді пішін бетіне шығару қызметін атқарады.

Қасиеттері:

Caption – жазу орнатады

AutoSize – жазу өлшемінің автоматты түрде  өзгерту режимін  енгізілетін  мәтіннің бәрі сиятындай  етіп орнататын логикалық қасиет.

WordWrap – жазу өлшемдерін вертикаль бағытта созу.

Alignment – жазудағы мәтіннің туралануын  береді.

 0- сол жақ шет

1- оң жақ шет

2- орталық бойынша

 

Мәтін өрісі – Text Box- қасиеті жоқ жазуларды, тақырыптарды  бейнелеу үшін қолданылады.

Қасиеттері:

Text  –  алаңға жазу орнатады

Font - шрифт орнату

ForeColor - шрифт түстерін орнату.

BackColor - мәтін қорабын бояу.

ToolTipText  - объектінің атқаратын қызметі туралы  сыбырлап тұратын көмекші мәлімет орнату.

 MultiLine  –  енгізу алаңын көп қатарлы ететін шама.

Locked – алаңға мәтін енгізу қасиетін алу және орнату. 

Alignment – жазудағы мәтіннің туралануын  береді.

 0- сол жақ шет

1- оң жақ шет

2- орталық бойынша

 

 

 Командалық батырма- Command Button -бағдарламаны іске қосады

Қасиеттері:

Caption  –  батырма бетіне жазу орнатады.

BackColor  –  батырманың түсін өзгерту.

Picture – батырма бетіне сурет қою. 

Style– объектінің жоғарыда берілген графикалық  қасиеттерін  пайдалану мүмкіндігін орнату.

Cancel – ESC  пернесін қолдану мүмкіндігін орнату

Default – ENTER пернесін қолдану мүмкіндігін орнату

 Font -шрифт орнату.

 

 

І кезең:   Сөздің тұздығын тап.

Мұнда оқушыларға экраннан көрініп тұрған басқару элементтерінің қасиеттерінің  түрлерімен қызметін жазулары тиіс. Оны жазып болған соң экраннан өздерінің жауаптарының дұрыстығын тексереді.

 

 

Name    -        басқару элементінің аты

Caption  -      басқару элементімен бірге бейнеленетін жазу

Text –            мәтін өрісіне мәтін енгізу

Font -            қаріп сипаттамалары

Visible –         басқару элементтерінің көрінеетін не көрінбейтін етеді

Width –          обьектінің енін орнатады

Height –         обьектінің биіктігін орнатады

Back Style  -  фон түрін орнатады

Back Color   - басқару элементінің фонының түсі

Fore Color –   басқару элементінің бейнелеу үшін пайдаланылатын  түс. 

 Picture -         басқару элементінің растрлық кескін береді.

 

3. Үй сабағын қорытындылап, жаңа сабақпен байланыстыру.

ІІ- кезең  «Түсіндіру»

Басқару элементтері: Cheek Box, Option Button, List Box, Combo Box

Бұл басқару элементтерінің қызметтерімен таныстырып өтемін. 

CheekBox – рұқсат етілген екі мәннің бірін қабылдайтын деректерді пішінге орналастыру үшін  Жалауша  басқару элементі пайдаланылады.

OptionButton – ауыстырып қосқыш басқару элементі топтарда орналасқан бірнеше қатардан тұратын тізім жасау үшін қолданылады.

ListBox – таңдауға болатын тізім болып табылады. Бірнеше қатардан тұратын тізім жасау үшін қолданылады.

ComboBox -  басқару элементі ашылатын тізімді пернетақтадан теру немесе тізімнен таңдау жолымен деректерді редакциялау өрісіне ендіру үшін қажет.

Басқару элементтерін  пішінге орналасуын экранда көрсете отырып, түсіндіру .

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 283 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 125

Похожие материалы