Word мәтіндік редакторы.Жаңа құжат құру,сақтау,ашу.Құжаттарды форматттау. Мәтінді пішімдеу және редакциялау.

Предмет: Информатика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Пәні Информатика Сыныбы 8 «А» «Ә» «Б» «В» Күні 14.11.15 ж

Сабақтың тақырыбы: Word мәтіндік редакторы.Жаңа құжат құру,сақтау,ашу.Құжаттарды форматттау. Мәтінді пішімдеу және редакциялау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету.Ø
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.Ø
Тәрбиелік: оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.Ø
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:,WordPad редакторы, карточкалар.Ø
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастырылуы. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру. Сұрақ-жауап арқылы
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Мәтіндік процессор - бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішімдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіншілігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішіннен басқа пішінге өзгерту үшін пайдаланылады.
WordPad мәтіндік редакторы.
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтіндер дайындауда кеңінен пайдаланылады. Компьютерлер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана қоймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген қосымша мүмкіндіктер береді.
Біріншіден, компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін үзінділерін қосуға, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әр түрлі құжаттарды бір - біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге. Жолдарды экранның ортасына келтіруге, құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.
Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, әр тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.
Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде (қисық бойында орналастыруға, «көлемді» пішін беруге, көлеңкелеуге және т.б.) орналастыруға болады.WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс істеу.

WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріп қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.
WordPad бағдарламасын іске қосу.
Бағалау: Оқушылардың білімін бағалау.
Қорытындылау: Сұрақтарға берген жауаптарын толықтыра отырып, сабақты қорытындылау.





Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 55.75 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 127

Похожие материалы