XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ халқының мәдениеті

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Атырау қаласы,Амангелді орта мектебінің тарих пәні мұғалімі:

 Сагиндыкова Зауре Кенжегалиевна

7 cынып

Сабақтың тақырыбы: §46. XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ халқының мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға XVI-XVII ғасырлардағы қазақтың материалдық және рухани мәдениетінің дамуы туралы түсінік беру.

ә) Тәрбиелік: Бүгінгі мәдени жетістіктеріміздің бастау бұлағы – мәдениет ескерткіштерін қадірлеп, қастерлеуге, мәдениеттілікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

б) Дамытушылық: Рухани және материалдық мәдениеттің даму барысын бүгінгі мәдени жетістіктермен ұштастыра отырып өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, топпен жұмыс,  дискуссиялық өрнек

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карта, суреттер, асықтар, конверттер, сандықша

Пәнаралық байланыс: География, әдебиет, дінтану, математика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді:

І топ – «Хандар»

ІІ топ – «Билер»

ІІІ топ – «Батырлар»

Үй тапсырмасы «Алтын қақпа» ойыны арқылы сұралады. Сұрақтар конвертке салынады. Әр конвертте үш сұрақтан болады.

1.      Тас қақпаның сұрақтары:

 

1.      Жоңғарлар кімдер?

2.      Сібір атауының шығуы туралы не айтасың?

3.      Сібір хандығының құлауы нәтижесінде Қазақ хандығында қандай өзгерістер болды?

 

2.      Күміс қақпаның сұрақтары:

 

1.      Жоңғар шапқыншылығының басты себебі неде?

2.      Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасы қай жылдары болды?

3.      Аңырақай шайқасының маңызы неде?

 

4.      Алтын қақпаның сұрақтары:

1.      Көшім тұсында Сібір хандығының күш қуатының арту себебі неде?

2.      Ресейдің Сібір хандығын жаулап алудағы мақсаты не еді?

3.      Сібірді жаулап алу саясаты қалай жүзеге асырылды?

 

 

ҮІ. «Дискуссиялық өрнек»

1.      «Хандар» тобына:

р/с

мазмұны

келісемін

келіспеймін

1

Хан халықтың бейбіт тұрмысын, тыныштығын қамтамасыз етуге тиісті

+

 

2

Ханның уәзірі болған жоқ

 

+

3

Хан Шыңғыс ұрпағынан болуға тиіс

+

 

4

Хандық билік мұрагерлік жолмен берілген жоқ

 

+

 

2.      «Билер» тобына:

р/с

мазмұны

келісемін

келіспеймін

1

Би – әділ, шешен, ақыл-кеңес бере алатын адам

+

 

2

Бүкіл қауым бидің билігін орындауға міндетті емес

 

+

3

Би – бірнеше рудан құралған арысты басқарады

+

 

4

Би – жазалау құқығына ие болған жоқ

 

+

 

3.      «Батырлар» тобына:

р/с

мазмұны

келісемін

келіспеймін

1

Батырлар – халық жасағын басқарды

+

 

2

Батырлар арасында ханға берген антын бұзғандар жоқ

 

+

3

Батырлар – феодалдар тобына жатты

+

 

4

Батырлар хан алдында жауапты емес

 

+

 

ҮІІ. Қорытындылау

Бүгінде мұндай тоқтамға, яғни өз тамыры мен өткеніне, ана тіліне, ата дініне, діліне әлемнің біраз мемлекеті бет бұра бастады. Оның жолын әркім өзінше танып, өзінше бағамдауда. Солардың қатарында әлемдік қауымдастықтың назарына ілігіп, бірқатар беделді халықаралық ұйымдарға мүше болып үлгерген Қазақстан орта мерзімді мемлекеттік 2004-2006, 2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдаған тұңғыш ел.

Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып бағамдауға болады. Өз еліңнің мәдени мұрасына ұқыпты қарау мен басқа мәдениеттің құнды элементтерін қабылдау – адамзат өркениеті дамуының сара жолы.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау

ІХ. Үйге тапсырма: §46-ны оқып келу.

«Мен өз мәдениетімді мақтан тұтамын» тақырыбында шағын әңгіме жазып келу.  

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 24.97 Kb
Количество скачиваний: 51
Просмотров: 156

Похожие материалы