Ғылым таппай мақтанба 2сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Мухамедиярова Шынар Жаксыкельдиновна
|
Сабақтың жалпы мақсаты
1. А. Құнанбаев туралы толық мағлұмат алу, өлең мазмұнын түсіне отырып, негізгі ойды ашу.
2. Өлең мазмұнындағы адам бойындағы қасиеттердің ара - жігін ажырату,
Өлеңді мәнерлеп оқу машығын дамыту.
3. Ұйымшылдыққа, пікір алыса білуге, өз ойларын ашық айтуға, жоба қорғауда белсенділікке баулу.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ- жауап , түсіндіру .
Көрнекіліктер
Оқулық, дәптер, сабақтың дәйексөзі жазылған плакат...
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Өсиет мақалдар:
а) Әдепті бала — арлы бала,
Әдепсіз бала — сорлы бала.
ә) Жаманға айтқан ақылың,
Далаға атқан оқпен тең.
б) Татулық — табылмас байлық.
в) Жақсы адам — елдің ырысы,
Жақсы жер — жанның тынысы.
Топқа бөлу
Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .
Үй тапсырмасын сұрау
Өткен сабаққа байланысты «Көріпкел Аян» әңгімесін мазмұндау .
Қызығушылықты ояту
Шынығу үшін шымыр боп,
Шынығамыз шаршамай.
Бұлшық еттер шымыр боп,
Аламыз сосын тыныс жай.
- Ғылым сөзін айтқанда ойларыңа тағы қандай сөздер келеді?
Өлеңді мәнерлеп оқу. Оқушылар іштерінен оқиды. Сосын дауыстап оқиды.
Жаңа материалмен жұмыс.
Мұғалімнің түсіндірмесі .
Мәтінмен жұмыс .
Мақсат қою кезеңі: «Ғылым таппай мақтанба»
- Осы тақырып бойынша нені меңгеруге тиіспіз?
1. Автор туралы дерек білу.
2. Өлең мазмұнын түсіну
3. Жақсы және жаман қасиеттерді тану.
5. Мағынаны тану:
1. Топтық тапсырма:
А) Абай Құнанбаев туралы мәлімет
сызбада көрсету, қорғау, толықтыру
Ә) Өлеңді мәнерлеп тізбектеп оқу;
Б) Өлең мазмұнына талдау жасау:
- Әр топ жобамен қорғайды.
Сөз сиқырын ұғайық!
3 - топ 4 - топ:
Жақсы қасиеттер мағынасы Жаман қасиеттер мағынасы
4. «Мақал жалғастыр «ойыны:
Жақсыдан үйрен
(Жаманнан жирен)
Талап тұлпар
(Білім сұңқар)
Талант қартаймайды
(Білім ортаймайды)
Әріптен білім
(Әліппеден ғылым)
Ақыл азбайды,
(Білім тозбайды)
Өнерлі (өрге жүзеді)
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.88 Kb |
Количество скачиваний: | 25 |