Ғылыми жұмыс Мағжан Жұмабаев "От"
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Исина Гульнара Болатовна
|
Зерттеу жұмысының сипаты. Зерттеу жұмысы қазақ әдебиетіндегі Мағжан ақынның «От» деген өлеңінің орны, ерекшелігі жайлы, көркем шығармаларға талдау жасау болып табылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізуі тарихымыздағы және ұлттық рухани құндылықтардың қайта жаңғыруына жол ашты. Ұлттық рухани құндылықтар төл тарихымыздың ажырамас бөлігі болып табылады. Көрнекті өкілдердің өмірін, шығармаларын жаңаша түрде зерттеп, екшелеп алу біздің еншімізде.
Демек, біз, тәуелсіз қазақ мемлекеттілігі жағдайында ұлттық санамызды жаңғыртып, тарихи танымның көкжиегін кеңейту үшін «тар жол тайғақ кешуден» өткен халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын жаңаша көзқараспен жазуға міндеттіміз.
Осыған орай, Отан тарихында әлі де үстірт қарастырылған немесе мүлдем зерттелмей, тарихи тұрғыдан шынайы өз бағасын ала алмаған мәселелер аз емес. Соның бірі – қазақ әдебиетінде түрлі талқыға түсіп, әдебиеттанушылардың әр түрлі пікірде қалыптасқан Мағжан сынды жарық жұлдызымыздың төл туындылыры болып табылады.
Сөз өнері арқылы рухани мол мұра қалдырған М. Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын зерттеу, зерделеу, бүгінгі күн тұрғысынан баға беру қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Ақынның өмір жайлы тұжырымдарын жаңа көзқарас тұрғысынан қорытып, бұрын әдебиетімізде белгісіз болып келген немесе тың деректерге сүйеніп тарихи шындық тұрғысынан зерттеу -зертеу жұмысының басты мақсаты. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады:
-Поэзия жанрының әдебиетте көрініс табуы
- Әдебиеттегі орны
- Көркем шығармаларға талдау жасау
- Ақын-жазушылардың еңбектерін ғылыми тұрғыда зерделеу
- шетелдік және отандық зерттеулерді жинақтау және олардың ғылыми деректік маңызына дәйектілікпен қарау.
Тақырыптың тарихнамасы: Қай елдің тарихында да халыққа сіңірген еңбегі мен көрсеткен қызметі көп жылдардан соң бағаланып, танылатын тарихи тұлғалар болады. Тағдыры тарих тәлкесіне тап болып, туған халқымен жарты ғасырдан соң қайта мәңгілік табысқан сондай тұлға- Мағжан Жұмабаев. Осылайша, туған халқын жан-тәнімен сүйгендігі үшін, қазақ халқын барынша сөздің құдіретімен айта алғаны үшін жазықсыздан-жазықсыз жазаланған ақын жүрегі өзіне- өзі өлеңнен ескерткіш орнатты. Қазақтың біртуар ақын ұлы халқымен қайтадан қауышты...
Дара ақынның жырларын оқып, кейінгі ұрпақ санасына дарыту мен сияқты талай жастың арманы арманына айналды.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – М. Жұмабаевтың «От» өлеңін талдау
Зерттеу жұмысының осы мақсатынан туындайтын мынадай негізгі міндеттер жүйелі түрде қарастырылады:
• Ақын шығармашылығын жүйелеу, саралау;
• Мағжан поэзиясының көркемдік қуатын анықтау;
Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Зерттеу барысында артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың «От» өлеңіне талдау жасалынған.
Қазақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз атылған тұлғалардың бірі – Мағжан Жұмабаев. Талантты ақынның есімі де, маржан жырлары да бұл кезеңде
қудалауға ұшырады. Азат өмірді, халқының тәуелсіз ел болған қалпын көруге ұмтылған, сол жолда білегіндегі күшімен де, жүрегіндегі жырымен де күресіп өткен қайраткер ақынның тағдыры аса күрделі белестерді бастан кешірді.
Мағжан жазған әрбір жыр өзінің алдындағы ақындардан бастау алады. «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да – Абайдан. Бұдан соң Мағжанды сүйемін. ... Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай ... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бойұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі»,-деген Мұхтар Әуезов. Ұлы жазушының осы бір сөзінен-ақ біз Мағжан ақынның жырының қандай деңгейде жазылғанын байқаймыз. Қазақтың ұлы ақыны Абайды оқып, еліктеп, Абайша жазған дарынды тұлға өлеңдері қазіргі кезде өз оқырманын тапты.
Мағжан – ең алдымен, сыршыл ақын.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 30.3 Kb |
Количество скачиваний: | 70 |