"Қыран тағдырлы ақын"

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы: « Қыран тағдырлы ақын»

Мақсаты : Ақын шығармашылығы, өмірі, өлеңдері жайлы мәлімет беру.Мұқағалидың ақындық талантын танытып, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын ояту.Ақын рухына тағзым жасап, құрмет көрсету.

Көрнекілігі: Ақын портреті ,слайдтар, қанатты сөздер, таңдамалы шығармалар жинағы, ақын туралы лебіздер.

Кеш барысы:

  • 1) Жүргізуші:

Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,

Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта Адам!

Ар ма, өмір, бар әлемді бауырына алып жайқалған,

Әлем – дархан, саялаңдар, бәріңе де орын бар.

  • 1)Жүргізуші:

Анамыз жер, сол анадан жартылдық, туыстық,

Алайда біз қан да төктік, қалжырадық, ұрыстық.

Армысың сен, арамызда жалғыз перзент-Тыныштық,

Отырардай опат болған қала жоқ па жарандар!

Тату-тәтті бармысыңдар, армысыңдар, адамдар!

  • 1)Жүргізуші:

Қош келіпсіздер, өлең сүйер, жыр сүйер қауым! Бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтарымен таныстырамыз.

1.Ауылдық клуб үйінің меңгерушісі –А.Нұрғалиева

2. Ауылдық кітапхана меңгерушісі-Г.Бектібаева

3.Орыс тілі пәнінің мұғалімі-С.Өтепова

Қуат алып Абайдың тіл- күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден.

2- жүргізуші:

Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін,

Мен дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,-деп Абайды үлгі тұтып сөз құдіретін, сөз сарасын ақындық сезіммен қабылдап,өзі қазақ поэзиясында Абай салған соны соқпақ жолды жалғастырған М.Мақатав қазақтың қара өлеңін ой мен сезімге байытып, оның құдіреттілігін таныта білді.Қазақтың қарапайым қара өлеңінің құпиясын ашу тау тұлғалы ақынның табиғи талантының құдіретінен болса керек. Ақынға арнау оқитын - Б.Бөршеков.Аудандық, мектепшілік мүшәйра жеңімпазы .Ортаға қошеметтеп шақырамыз.

  • 1)Жүргізуші:

Бүгін- Мұқағалидың туған күні.Бүкіл қазақ елі дарынды ақынның , қазақ әдебиетінде жарқыраған жұлдызының туған күнін атап өтуде.Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде.Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық шынымен бақытты халық .

« Арыз жазып кетейін» оқитын 6-сынып оқушысы.

  • 2)Жүргізуші:

Қарсы алмаса

Құрсын ,қарсы алмағын

Ән салып бер ,

Әніңмен жан салмаған,

Жаңғыртып жасыл тау жөнелсін бір.

Жатсын ұйып, жапанда дел-сал далам. Адамдар жүрегінен сая іздеген Мұқағали жырларыа барлау жасап балдай тәтті сөз шәрбатын сіңірген ұлы сазгер Н.Тілендиевтің әніне жазылған «Саржайлауым» әнін қабыл алыңыздар.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 44 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 125

Похожие материалы