Қыс қызығы. Балабақшаға арналған.
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Кожагелдиева Нургул Тураровна
|
Сабақтың тақырыбы : «Қыс қызығы»
Сабақтың мақсаты :
1.Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп,жыл мезгілінің ерекшелігін айтуға,көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға үйрету.
2.Байланыстырып сөйлеуге дамыту.
3.Табиғаты аялауға тәрбилеу,эстетикалық талғамды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Көрнекілігі: Қыс көрінісі туралы тақырыптық сурет,үлестірмелі суреттер,бейне таспа және т.б.
Әдісі: Сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: Кеспе әріптер арқылы,бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбын табу.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезені:
/Ортамен амандасу/
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеткендер.
Өсті ақыл ойымыз.
Өсті,міне, бойымыз.
Иіліп сәлем береміз,
Әдепті боп өсеміз.
- Балалар, далада күн суық болғанмен біздің жүрегіміз ыстық,мейірімге толы.Бір-бірімізге деген жылы лебізімізді айтып,көніл күйімізді көтерейік.
/балалардың бір-біріне деген тілегі./
ІІ.Кіріспе бөлімі.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақ тақырыбын ашу.
Педагог сабақ тақырыбын ребус шешкізу арқылы анықтайды:
- балалар, сендер «сауат ашу» сабағында «ребус» деген сөзбен, оның қандай болатынын таныстыңдар. Мына ребусты шешіп көрейік. Педагог «Қ» әрпін көрсетіп:
- Мынау қандай әріп (дыбыс) деп сұрайды?
- «Қ» әрпі (дыбысы)
- Дұрыс.Ендеше,біз « Қ» әрпімен кейінгі тұрған суреттерге көңіл аударайық.Ненің суретін көріп отырсыңдар? Толық жауап берейік.
- Ыдыстардың суретін көріп отырмыз.
- «Ыдыс» деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі?
Сендер оны «сауат ашу» сабағынан білесіңдер.
- «Ы» дыбысы естіледі.
- Біздің суретте бірінші «Қ» әріп тұр. «Қ» - деп дауыстап айтайық. Екінші тұрған ыдыстардың бірінші дыбысын дауыстап айтайық: «Ы»
- Енді екеуін қосып айтайық: «ҚЫ»
- Дұрыс, енді балалар, үшінші болып ненің суреті тұр?
- Дұрыс «сағат» «С» дыбысын да «сауат ашу» сабағында өткенсіңдер.
- Енді суретке қарап, «Қ» дбысына өзінен кейінгі тұрған суреттердің бірінші дыбыстардың қосып айтып көрейік. Қ...Ы...С
- Қандай сөз шықты?
- «Қыс»
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 20.96 Kb |
Количество скачиваний: | 26 |