3. Өзін –өзі игеруге тәрбиелеу.
доптар, ысқырық, секундамер т.б.
р/с
Сабақтың мазмұны
Жүктеме мөлшері
Әдістемелік нұсқаулар
1
Сабақтың кіріспе бөлімі
Қатарға тұр! Түзел!Тік тұр! Сәлемдесу! Еркін тұр!Санақ сана.
Кезекшінің мәлімдемесі.
Көңіл аудару жаттығулары.
«Оң –ға!»
«Сол –ға!»
«Ай –нал!»
12 -15 мин
Спорттық киімге, қатардағы тұрысқа назар аудару
Оң аяқтың өкшесімен
Сол аяқтың ұшымен
Сол аяқтың өкшесімен
Оң аяқтың ұшымен
2
б
Сапта орындалатын жаттығулар
Оң –ға! Залды айнала жүр!
-Баяу жүр! Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүр!
-Қолды жанға созып, өкшемен жүр!
-Жүруден баяу жүгіруге ауысу
-Тіркеме адыммен оң (сол) бүйірімен жүгір
-Сандарды жоғары көтеріп жүгір!
-Санды артқа қарай сілтеп жүгіру!
-Жыбырлай жүгіру
Қарама –қарсы орындалатын жаттығулар.
Залдың дәл ортасындағы сызықта қарама – қарсы екі топ сөре қалпында отырады. Белгі бойынша кері айналып сөреден шығып, залдың шетінде тұрған допқа қатты жүгіріп, допты алып бастапқы тұрған жерге тез жету керек.
Залды айнала баяу жүгіру. Бір орынға саппен жүр.
1-2 рет қайталау
Кеуде түзу, тізе бүгілмейді
Алақан жоғары қарайды, тізе бүгілмейді.
Қол,аяқ бірге жұмыс жасайды
Аяқ саны орта деңгейге көтеру. Аяқтың ұшымен түсу.
Өкшені бөксеге жеткізу
Аяқтың ұшымен басып, өкшеге ауысады. Қысқа адыммен орындалады.
Сол жақ иықтан айналып, орнынан тез қозғалу кезінде аяқпен жұмыс жасау керек
Санақ бойынша аяқтап дұрыс алу.
ІІ
Негізгі бөлім.
25 -28 мин
1
Қысқа қашықтыққа жүгіру төменгі сөре қалпынан басталады. Ол жүгіруді жылдам бастауға және қашықтықты тез жүгіріп өтуге үлкен мүмкіндік береді. Сөреден жылдам шығу үшін , сөре қалыптарын пайдаланады. Ал алдыңғы қалып сөре сызығынан 25-35 см, артқы қалып 70-85 см болуы керек.«Сөреге шық!» командасы бойынша не істеу керек?«Дайындал!» бұйрығы бойынша не істеу керек?
1.Кейін қойылған тізені жерден аздап көтеру керек. Бөксені тез немесе тым баяу емес, орташа мөлшерде көтеру керек.
2.Егер бөксе екі иықтан сәл биіктеу көтерілсе, бұл дұрыс қалып болып есептеледі. Себебі бел ақырындап көтерілуі тиіс.
3.Дененің салмағы төрт тірек нүктесіне (екі қол мен екі аяққа) тең бөлініп түсуі қажет.
4.Басты еңкейтіп, көзді сөре сызығына бағыттау керек.
5.Жүгіруді бастағанда тез қозғалу үшін «Марш!» командасына назар аудару керек.«Марш!» командасы бойынша не істеу керек?
1.Жүгіруді алғашқы ілгері ұмтылыстан бастау керек.
2.Денені тез түзеп ала қою керек. Алғашқы жүгіру қадамы басылып отырған қалыптан басталады.
3.Саусақтар жерден серпіле көтеріледі. Жартылай бүгілген екі қолды тез әрі қысқа –қысқа сілтеу керек.
4.Көзді бірден жүгіру жолына бағыттау керек.Жүгірген кезде саусақтарды қалай ұстау керек?
1.Жүгіріс кезінде қатты тістеніп, жұдырықты түйіп алуға болмайды. Бұл жүгіріс кезінде қол қозғалыстарын қиындатуға алып келеді.
2.Дұрыс. саусақтар еркін бүгілген, білезік буындағы қолдың дасының қарынға (тоқпан жілікке) қатысы табиғи әдеттегі жағдайда болады. Мұның өзі жүгіріс кезінде қолды еркін қозғауға мүмкіндік береді.
3.Жүгіріс кезінде саусақтары қатты жазып ұстауға болмайды, бұл өз кезегінде қол қозғалысына көп күш түсіреді.
Қорытынды бөлім:
Оқушыларды қатарға тұрғызу!
Оқушыларды қалпына келтіру жаттығулары.
5 мин
5 мин
Оқушылар экраннан қарап тұрып, қысқа қашықтыққа жүгіру тәсілдері бойынша қойылған сұраққа, теория мен практиканы ұштастыру бағытында түсіндіру,.... көрсету арқылы барынша толығырақ жауап беріп және сол ереже түрін өзі орындап көрсетеді.
1.Сөре сызығының алдындағы табанды тірейтін сөре қалыбына немесе ойықтарға аяқтарды дұрыс қою керек!
2.Екі қолды иық кеңдігінен гөрі кеңдеу ашып, сөре сызығының алдында тірек қою керек.
3.Қол шынтақ толық жазылған қалыпта болуы тиіс.
4.Дененің салмағын қолдың саусақтары мен екі тізеге тең бөліп түсіру қажет.
5.Белді аздап ию керек.
6.Басты еңкейтіп, көзді сөре сызығына бағыттауы керек.
7.Осындай қалыпқа келіп бар назарды «Дайындал!» бұйрығын күтуге аудару керек.
Қысқа қашықтыққа жүгіруді қанша кезеңге бөлуге болады және қалай аталады.
Жауап:Қысқа қашықтыққа жүгіру төрт кезеңнен тұрады.
1.Сөреде тұру
2.Сөрелік қозғалыс(сөреде екпін алу)
3.Қашықтық бойымен жүгіру
4.Мәреге (финиш) жету
Саптағы тұрыс. Лекпен залдан шығу.
.
Бір сызық бойымен
Үй тапсырмасын беру