Қысқа мерзімдік жоспар.Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері

Предмет: Математика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

«№11 М. Байзақов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: математика 5-сынып.

Пән мұғалімі: Амангелдиева П.О.

«Тексерілді»

Директордың оқу- ісі

жөніндегі орынбасары

______ П.Амангелдиева

Қысқа мерзімдік жоспар

Сабақтың тақырыбы: Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері.

Сабақтың мақсаты: Натурал санның бөлгіші және еселігі сөздерінің мағынасын түсіндіріп, есеп шығаруда өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың нәтижесі: Натурал санның бөлгіші мен еселігін біледі, есеп шығару барысында анықтай алады. Топпен жұмыс істейді, бір-біріне түсіндіреді, өзгенің қатесін түзейді.Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс істей отырып идея бөліседі, талдайды, жинақтайды, қорытындылайды, бағалайды.

Сабақтың түйінді идеялары: Натурал сан, санды өрнек, әріпті өрнек, Көбейтінді, қосынды, айырмалардың берілген санға бөлінгіштік белгілері.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Кемпір қосақ», «Жұптас-ойлан-бөліс», «Сергіту сәті», «СТО», «Кері байланыс»

Сыныбы: 5 «Ә»

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау

Қолданылатын ресурстар, дереккөздер

Кіріспе

3 минут

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына, парталардың дұрыстығына көңіл бөлу.

Шаттық шеңбері «Жүрек -тен жүрекке» мұғалім бірінші тілек білдіреді.

Топқа бөлу – «Кемпір қосақ» әдісін пайдаланып әртурлі түстер таратылады да, топ ережесін басшылыққа алып, топтық жұмыс жасайтындарын айтады

Кезеші оқушылар туралы мәлімет береді.

Оқушылар тілекті бір-біріне жалғастыр-ып, тілек айтады

Оқушылар ұқсас түстермен бірігіп топ құрайды, топ ережесін сақтайды.

Топтар: Көк, сары, қызыл, күлгін

Критерийлер арқылы топ жетекшісі топ мүшелерін бағалайды, топ жетекшілерін топ мүшелерінің бірі бағалайды.

Интерактивті тақта, «Кемпір қосақ» түстері

Таныстырылым

15 минут

Үй тапсырмасын сұрап, жауап алу арқылы жаңа сабақты түсіндіруге көшеді.

«Натурал санның бөлгіштері мен еселіктері» тақырыбын өтетіндігін ескертіп, слайдта жазылған мысалдарды түсіндіреді

Оқушылар үй тапсырмасына жауап береді.

Жаңа сабақты түсінеді, мысалдарды дәптерге жазып алады.

Интерактивті тақта, плакаттар, маркерллер, жұлдызша, стикерлер, формула, кітап,дәптер, карандаш,бор,оқулықпен жұмыс

Негізгі бөлім

20минут

Әр топқа есеп беріледі, топпен ақылдасып шығарады, талдайды Көк №185(1,2) №188(1,2)

Сары №185 (3,4) №188(1,2)

Қызыл №185 (5,6) №188(5,6)

Күлгін №185 (7,8) №188(7,8)

Мұғалім оқушыларды сырттай бақылап, білім,білік дағдыларын анықтап, кері байланысқа шығады.

Топтағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады. Әр топ шығарған есептерін постерге жазып іледі, топтың бір мүшесі түсін-діреді.

Әр топ жетекшісі постерлер астына смайлик жапсыру арқылы бірін-бірі бағалайды

Интерактивті тақта, плакаттар, маркерллер, жұлдызша, стикерлер, формула, кітап,дәптер, карандаш,бор,оқулықпен жұмыс, постер

Қорытынды

7 минут

Оқушы түсінігін нақтылау үшін анықтама сұрайды мысал келтіруін өтінеді

Стикер таратып оқушылар пікірін біледі.

Әр топтан бір-екі оқушы жауап береді.

Стикерге ойларын жазады.

Критерийлер арқылы топ жетекшісі топ мүшелерін бағалайды, топ жетекшілерін топ мүшелерінің бірі бағалайды Қорытынды баға шығарамын.

Интерактивті тақтада үй тапсырмасы жазылған

§2.3 № 200,201

Пән мұғалімі: Амангелдиева Перизат Омарханқызы

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.96 Kb
Количество скачиваний: 42
Просмотров: 169

Похожие материалы