Қыстырма сөздердің тыныс белгісі (4 сынып)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Мақсаты
Қыстырма сөздердің сөйлем ішіндегі атқаратын рөлін, жалпы ойға қосатын әртүрлі мағыналық реңктерін байқату, сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге, қыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету. Қыстырма сөздерді орынды қолдана білуге дағдыландыру. Дұрыс, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
Жаттығу жұмыстарын орындата отырып, қыстырма сөздің сөйлемдегі ойға қосатын мағыналық реңктерін ажырата білуге үйрету;
оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру, ой қорыту, пікір айту дағдыларын жетілдіру.
Күтілетін нәтиже:
топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағыттап, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады;
жаттығу жұмыстарын талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдей білу, өзгені тыңдау, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;
әр оқушы өз - өзіне баға береді, өзіндік пайымын жасайды, тәрбиелік, тағылымдық мәнін ұғынады.
Түйінді түсініктер:
мағынаны үстемелеу, қолдау, жорамал, пікір, сенім, сөйлем мүшесі бола алмайды.

САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ

Сабақ кезеңдері, модуль
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
Тапсырмалар мазмұны
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру
Мұғалімнің іс - әрекеті: Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа қатысуын қадағалау.
Бүгінгі сабақтың мақсат, міндеттерін қою.
Оқушыларды топқа бөлу.
Оқушының іс - әрекеті: Сабаққа даярланады, жинақталады, жаңа сабаққа ден қояды.
Топқа бөлінеді, топ ережелерін бекітеді.
Стикерлер үлестіріледі. Әркім өз таңдаған сөздер туралы түсінік бере отырып, топқа бөлінеді.

Бағалау критерийлері және оқушының аты - жөні жазылған кесте беріледі.
Тапсырмалар мазмұны «Мен сенің бойыңнан мына қасиеттерді көргім келеді...» (өз - өзіңе сенім, бір - біріңе қолдау көрсету, кез - келген затқа жорамал жасау, өз пікіріңді ортаға салу ) тренингі арқылы топқа бөлемін.

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 46.65 Kb
Количество скачиваний: 58
Просмотров: 214

Похожие материалы