0-ден 10-ға дейінгі сандар. Толық ондықтар (салыстыру, сандарды қосу және азайту). 10 көлеміндегі сандардың құрамы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

0-ден 10-ға дейінгі сандар. Толық ондықтар (салыстыру, сандарды қосу және азайту). 10 көлеміндегі сандардың құрамы

Білімділік мақсаты: 10 көлеміндегі кестелік қосу және азайтуды, 10  көлеміндегі нумерацияны, 10 көлеміндегі сандардың құрамын қайталау

Дамытушылық мақсаты: сандардың қатарын ажырата білу қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік мақсаты: шапшаң есептеуге баулу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Тірек білімдерін дамыту.

1.     Сандарды қайталау.

Бірінші сыныпта алған математика сабақтарында  нені үйренгендерін еске түсіруді сұрау

·        Сабақта оқығандарыңның барлығын естерңе түсіре алдыңдар ма, соны тексерейік. Бұл үшін бірнеше жаттығулар орындайық.

·        10-ға және 20-ға дейін тура және кері бағытта санаңдар (сан сәулесін пайдалануға болады).

·        5-тен кейінгі санды ата, келесі санның 5-тен нешеуі артық?

·        9-дың алдындағы санда ата, алдыңғы санның 9-дан нешеуі кем?

·        3,9,1 сандарының көршілерін ата

·        6 мен 8, 7 мен 9 сандарының арасында қандай сан тұрады?

2.     Қосу кестесін қайталау.

«Мақсатыңа жет» ойыны. Мысалдар тізбегін ата бастаймын. Балалар жауап ретінде цифрлы карточкаларды көрсетеді. Қате санағандарды ұстап аламын.

 

Тізбектер әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, 5+4-3+2,  9+1-8-1+7,   5+0-2+7-10.

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 46.65 Kb
Количество скачиваний: 79
Просмотров: 301

Похожие материалы