Мұғалімнің шығармашылық деңгейін дамыту мақсатында ой шолуы.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Мұғалімнің шығармашылық деңгейін дамыту мақсатында ой шолуы.

Мұғалімнің шығармашылығы:

- өзінің күнделікті іс-әрекетіне жанымен берілу

- оқыту және тәрбиелеуде қатып қалған үлгіге қарамай, өзіндік жаңалық енгізу

- биік нәтижегелерге қол жеткізуге ұмтылу

К.Э.Циолковскиидің «формуласы»:

      Мен алдымен көп адамға белгілі ақиқатты аштым, одан кейін кейбір адамдарға ғана белгілі ақиқатты аштым, ең соңында, ешкімге беймәлім ақиқатты аша бастадым.

Шығармашылықтың бірнеше деңгейі бар:

·        бар білімді пайдаланып, қолдану аясын кеңейту

·        дағдылы көзқарасты өзгертіп, мүлде жаңалау

 

«Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де біре-гейі - Мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайық.Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшы-лық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай силау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады.
Ал,ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе- күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 23.99 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 89

Похожие материалы