«Ю дыбысы мен әрпі»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ю әрпі, дыбысы туралы жалпы ұғым беру

Міндеттері: 1. Ю дыбысы бар сөздерді айту, дыбыстық, буындық талдау жасату, сигналды белгілермен жұмыс жасау; геометриялық фигуралармен таныстыру 2. Оқушының тілін, ойын дамыту. 3. Өнерді қастерлеуге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ю әрпі, ауыл көрінісі, тақырыпқа байланысты суреттер, жазбақағаздар.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық сәт. Алақай, келіңіз! Дайын тұр төріңіз! Пальтоны ілейік, Шешіңіз,беріңіз. Тамақтар дап- дайын Таңдайсыз қандайын? Тағамның не түрін Тағы қандайын? Келіңіз, келіңіз Сый –сыяпат көріңіз! ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Мына геометриялық фигуралар арқылы не құрастыруға болады екен? Ол үшін артындағы тапсырмаларды орындайық. (Әр орындалған тапсырма сайын оюлар беру)

1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

2. Жиһаз сөзінде неше әріп, неше дыбыс?

3. Қоян сөзінде неше әріп, неше дыбыс?

4. Бояу сөзінде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар?

5. «Қызғаншақ» өлеңін оқып беріңіз.

6. «Құлыншағым - құндызым» өлеңін оқып беріңіз.

7. Қатарларға тапсырма * Я дыбысы кездесетін 5 қыздың атын ата. * Я дыбысы кездесетін 5 ұлдың атын ата. * Осы аттарды қатыстырып сөйлемдер құра. Сонымен не құрастырдық? Ендеше балалар біз автобуспен көрмеге барамыз.

Тип материала: Архив RAR (rar)
Размер: 18.48 Kb
Количество скачиваний: 4
Просмотров: 118

Похожие материалы