Қыз-ұлт болашағы. Тәрбие сағаты
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Утенбаева Галия Боранчиевна
|
«Қыз- ұлт болашағы» атты қыз сыны байқауының сценариі
1-жүргізуші: Алтынбек
2-жүргізуші: Орынбек
1-жүргізуші. Кеш жарық, қадірменді қонақтар, аяулы ұстаздар. Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз
2-жүргізуші Армысың, өнер сүйер асыл халқым,
Мереке құтты болсын ауылдасым.
Тағы да келіп жетті сайысымыз
Жырлайтын қазағымның дәстүр салтын.
Бүгінгі өткізіліп отырған байқауымызда «Қыз –ұлт болашағы» деп тегін атаған жоқпыз. Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру –басты мақсатымыз. Сондықтан осы байқауда қыздарымыз көп біліп, өз білімдерін көтереді деп ойлаймын.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.86 Kb |
Количество скачиваний: | 100 |