Қыз сыны -2015

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

Жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар
Армысыздар ақ жаулықты аналар
Бүгінгі кеш арулардың сайысы
Сіздердікі тамашалау, бағалау.
Сіздерді «Абзал» тобының қыздары арасында өтетін «Бәйшешек бүр жарғанда-2015» атты қыз сыны байқауын тамашалауға шақырамыз.

Бүгінгі сайыстың қатысушы қыздарын қарсы аламыз.

1.Ханшайым қыз елгезек

Алады тез тіліңді.

2.Дельфуза қыз өнерлі

Бойға жиған өнерді.

3.Сезім қыз тұр үлбіреп

Көз жанары мөлдіреп.

4.Торғын қыз шығады,

Бұрымдары желбіреп.

5. Гүлназ қыз келеді

Бәйшешектей құлпырған .

6.Інжу қыз білімді

Меңгерген бар ілімді.


Жүргізуші: Әділ қазы береді,
Өздеріңе билікті
Өнерде кім жеңеді
Сол алады сыйлықты.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1. Балабақша әдіскері Сапарова Айгүл
2.
3.

Сайыс бағдарламасы 7- бөлімнен тұрады:
1.Тегін білу тектілік. (таныстыру)
2. Ойлан тап (дид ойын)

3. Анама сыйлық жасаймын. (Қолөнер)
4.Өнерлі - өрге жүзер.(өз өнерлерін көрсету)

5.Ана көрген тон пішер(тігіс тігу)

6.Қыздарға әсемдік жарасады. (сән үлгісі)

7.Талаптыға нұр жауар. (үй тапсырмасы. фантазия)

Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі

Қазақ қызы - әдепті де әдемі

Қазақ қызы - ақылына көркі сай

Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі

1-Бөлім «Сәлемдесу» бойынша аруларымызды өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар.

2 бөлім.Ойлан тап. (дидактикалық ойын)


3.бөлім. Анама сыйлық жасаймын.(қолөнер)

Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан

Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан

Шеше көрген тон пішер дегені рас

Аруларым шебер қолға араласқан

4 бөлім.Өз өнері.

Біреулер сынға түсер өнерімен,
Біреулер жырға түсер өлеңімен.
Ал біздің қыздар шығып ортамызға
Дарынын танытады кезегімен.
- Өнер сайысы


Келесі сайысымыз «Өнерлі өрге жүзер». Ару қыздарымыз өз өнерлерін ортаға салады.
Тақпақты да жаттаймын
Би билеп, ән де айтамын
Ата - ананың үмітін
Ақ сеніммен ақтаймын – деп өз өлең шумақтарымен алдарыңызда Ханшайым өз өнерін көрсетеді.

Өнері өрге жүзер талаптының

Таланты талмай ұшар қанаттының

Әлди әуен әлемі өнер аты

Шарпып өтсін лебімен қанатының-дей отырып Дельфуза қызымыздың өнерін тамашалайық.

Сахнада биші емес құс сияқты,
Елестейді бір көрген түс сияқты.
Әжесінің ұршығындай иірілгенде,
Жер шарын айналдырған күн сияқты.

Сезімнің орындауында «Қолшатыр» биін қарсы алыңыздар.

Өзі жап жас болса да
Таудай үлкен талабы
Биін оның көріңіздер
Көріп баға беріңіздер-деп Торғынның өнерін тамашалаңыздар.

Торғынды «Ерке қыз» биімен қарсы алыңыздар.

Жарыс десе жайнаған
Намысында қайраған
Тоты құстай құлпырып
Сандуғаштай сайраған –дей отырып Гүлназ қыздың өнерін тамашалаңыздар.

Гүлназ «Туған күн кешінде» әнін қабыл алыңыздар.

Сахнада биші емес құс сияқты,
Елестейді бір көрген түс сияқты.
Әжесінің ұршығындай иірілгенде,
Жер шарын айналдырған күн сияқты.- дей отырып Інжудің өнерін тамашалаңыздар

Інжу «Кока-кола» биін билейді

5 бөлім «Шеше көрген тон пішер»

5.«Өнерліге өріс кең» немесе «Шеше көрген тон пішер» демекші аруларымыздың шеберлігін анықтайтын кезең жетті. Бұл сайысты. Ендеше іске сәт. әр сайысқа 2 минуттан беріледі.
Қане, қыздардың өнерін тамашалайық!

6 бөлім «Сән үлгісі»

Сымбатына сән киімі жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасасың, - дей келе, сайысымыздың сән үлгісі кезеңін тамашалайық.

1.)Спорттық киім

2)Кешкі киім

3.) Қазақша ұлттық киім

Жүзден – жүйрік,
Мыңнан – тұлпар. демекші сайыстң соңғы бөліміне де келіп жеттік.

7 бөлім «Талаптыға нұр жауар»

«Талаптыға нұр жауар»Қыздарымыз өздерінің үйлерінен жасап әкелген қол еңбектерін көрсетеді.


Би билеп ән мен күйде аяқталды
Уақытта біраз жерге таяп қалды
Көктеммен қоса келген
Ару қыздар, аналар мерекесі аяқталды

.
Өнер - білім серігің, адам - атың,
Болашаққа сеніммен бара алатын.
Осыменен сайыс та тамам болды,
Бәрін аман болыңдар, жамағатым

Жүргізуші: Әділ - қазылардың қорытындысын тыңдаймыз.

Марапаттау

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 1.47 Mb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 121

Похожие материалы